Отанға барар жол олимпиадасы

Отанға барар жол

Бүгінгі таңда әлемде Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын 5 миллионға жуық қазақ бар. Олардың арасында отанына оралғысы келетіндер де бар, соның ішінде Қазақстанда оқып, одан әрі жайласып, республикамыздың экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына үлес қосқысы келетіндер де бар. «Отанға барар жол» олимпиадасы тегін білім алу үшін өз Отанынан алыста жүрген отандастарымызды қолдауға бағытталған. Аталған олимпиаданың ерекше мақсаты-дарынды балаларды-этникалық қазақтарды анықтау және олардың тарихи отанына болашақ оралуына және қазақстандық қоғамға тез бейімделуі мен интеграциялануына ықпал ету болып табылады.

Олимпиада аясында қатысушылар келесі мүмкіндіктерге ие болады:

  • Тарихи Отан туралы көбірек білу;
  • Ішкі грантты ұтып алу.

Олимпиада кезеңдері:

  • 1-КЕЗЕҢ: «Қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалар» тақырыбында пост жазу.
  • 2-КЕЗЕҢ: «Мен ХБК-да оқудан не күтемін?» тақырыбында бейнеролик түсіру.
  • ФИНАЛ: Шығармашылық емтихан және сұхбат.

Жүлде қоры:

1 орын — толық оқу кезеңіне 1 ішкі грант;
2 орын — алғашқы 2 жылға 1 ішкі грант;
3 орын — 1 жылға 1 ішкі грант.