ХБК Академиялық сапа кеңесі

Академиялық сапа кеңесі

Оқу-әдістемелік кеңес – әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру және оқу-әдістемелік құжаттаманы сапалы мамандар даярлаудың заманауи талаптарына сай жетілдіру мақсатында құрылған. Оқу-әдістемелік кеңес өз қызметінде ҚР «Білім туралы» заңын, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық құжаттарын, «МОК» ЖШС Жарғысын, ғылыми және әдістемелік жұмыс регламентін, сондай-ақ, Ректор бекітетін оқу-әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Оқу-әдістемелік кеңестің қызметін ректор бұйрығымен тағайындалатын, әдетте, тәжірибелі академиялық немесе қауымдастырылған профессорлар қатарынан таңдалған УӘК төрағасы басқарады. Кеңес өз жұмысын оқу-әдістемелік семинарлар, кеңес отырыстары, жиналыстар және ректордың жеке тапсырмаларын орындау арқылы ұйымдастырады.

  • Оқу процесін ұйымдастыруды, оның әдістемелік қамтамасыз етілуін және қарқындылығын жетілдіру, оқытушылар мен білім алушылардың педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, жоғары оқу орны мен Қазақстан Республикасының басқа да білім беру мекемелерінің тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату, сондай-ақ, шетелдік озық тәжірибені оқу процесін ұйымдастыруда қолдану.
  • Оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге жұмыс берушілерді, сарапшыларды және тапсырыс берушілерді тарту.
  • Туыс мамандықтар (білім беру бағдарламалары) бойынша білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметін үйлестіру және өзара байланысын қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Оқу процесінің оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін мониторингтеу.
  • Оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларына сараптама жүргізу.
  • Басқа жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибесін зерттеу.
  • Заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Оқу процесін жетілдіру, озық тәжірибені тарату, жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар мен жиналыстарды ұйымдастыруға қатысу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тілді дамыту және енгізу бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
  • Жоғары білім беруді дамыту мәселелері бойынша құжат жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу.
  • Оқу процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру және оған басшылық жасау.
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, олардың мазмұнын жаңарту, пәндерді интеграциялау, әдістемелік нұсқаулар мен оқу процесін жүргізу бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Ғылыми-әдістемелік конференциялар, көрмелер, семинарлар мен жиналыстарды ұйымдастыруға қатысу.
  • Мемлекеттік білім беру стандарттарын, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуге арналған тендерлерге қатысу үшін авторлық ұжымдарды қалыптастыру.
  • Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару және қайта басып шығару бойынша жылдық перспективалық жоспарларды әзірлеу.
  • Жеке жоспарлар мен нұсқаулықтарда қарастырылған оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалуын бақылау.
  • Ұйымдастырушылық жұмысты жүргізу.
  • Оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК) отырыстарын өткізу.
  • ОӘК қызметі туралы есептер дайындау.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын және сәулет-құрылыс бағытындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Озық оқытушылардың педагогикалық тәжірибесін талдау және қорыту, жаңа оқыту технологияларын енгізу, барлық оқу сабақтарын өткізудің әдістемесін жетілдіру, компьютерлік және техникалық оқыту құралдарын қолдану және олардың тиімділігін бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Жұмыс оқу жоспарлары мен пәндердің оқу бағдарламаларын (силлабустар) талқылау және келісу.

Оқу пәндерінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және іске асыру

Оқу-әдістемелік кеңес жыл сайын әзірленетін және МОК ректоры бекітетін жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарлары факультет декандарымен келісіліп, Оқу-әдістемелік кеңес төрағасымен бекітіледі. Оқу-әдістемелік кеңестің өкілеттігі МОК ректорының өкімімен тоқтатылып немесе қайта жаңартылады.