Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру және білім беру үдерісінің қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің құрылымы ұйымның түрі, қажеттіліктері және штат бірліктерінің санына байланысты анықталады.
Психологиялық қызмет арнайы жабдықталған жеке психологиялық жеңілдеу кабинетінде жұмыс істейді. Бұл кабинет әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностика, түзету-дамыту және профилактикалық жұмыстарды топтық және жеке форматта жүргізуге арналған.
Оқытушылар ұжымына психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша көмек көрсету.
Психодиагностикалық мәліметтерді жинау, талдау және интерпретациялау.
Оқу, даму және әлеуметтік бейімделу мәселелерінің себептері мен механизмдерін анықтау.
Қажетті дағдыларды дамыту және психологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік-психологиялық топтық іс-шаралар өткізу.
Ағартушылық және профилактикалық жұмыс
Түзету-дамыту жұмыстары
Психодиагностикалық қызмет
Кеңес беру қызметі
Оқу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге көмек
Эмоционалды-ерік саласындағы мәселелерді шешу
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Барлық білім алушыларды өзін-өзі диагностика, түзету, бақылау және дамыту әдістеріне үйрету
Құндылықтар мен өмірлік басымдықтарды қалыптастыру, психологиялық және физикалық денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстану және өзін-өзі жүзеге асыруға бағыттау
Студенттің жеке дамуына ықпал ету, оның даралығын сақтау үшін психолог пен оқытушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру
«Тәуекел тобындағы» студенттер мен ішкіуниверситеттік есепте тұрған білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024