Ректор блогы

Имандосова Маргарита Булатовна

Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор

Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі – ХБК) – бұл Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің негізінде құрылған, бай дәстүрлері мен жоғары білікті оқытушылар мен ғалымдар ұжымын біріктіретін бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен.

ХБК миссиясы – сұранысқа ие мамандарды даярлау және әрбір қатысушының кәсіби, шығармашылық және ғылыми әлеуетін қоғам игілігі үшін дамытуға бағытталған адамға бағдарланған экожүйе құру.

ХБК ұжымы мен білім алушылары кәсіби және академиялық адалдық, ашықтық пен көшбасшылық, төзімділік пен патриотизм, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға сүйенеді.

Ректор блогы Сізге ХБК қызметі туралы өз пікіріңізді білдіруге және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, әкімшілік-басқару шешімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды айтуға мүмкіндік береді деп үміттенемін.

Сонымен қатар, бұл форматтағы қарым-қатынас байланыс жеделдігін арттырып, қажетті ақпаратты жылдам алуға көмектеседі.

Сіз қойған әрбір сұрақ пен ұсынысыңыз міндетті түрде қарастырылып, назардан тыс қалмайтынына сенімді бола аласыз!

Құрметпен,
Имандосова Маргарита Булатовна
Ректор, т.ғ.д., профессор