Арнайы стипендияның басты шарты – үздік академиялық үлгерім (А, А- бағалары).
Стипендия үміткерлері ХБК ректорына белгіленген үлгідегі арнайы бланкіде (№1 қосымша) өтініш жазады. Өтініште қаржылық қиындықтардың себептері көрсетілуі тиіс. Өтінішке міндетті түрде тиісті құжаттар қоса тіркелуі керек. Құжаттардың ең аз тізімі арнайы өтініш бланкісінде көрсетілген.
Өтініш беру мерзімі:
16.01 – 18.01.2024
IPORTAL (электронды кабинет – арнайы стипендия «SCHOLARSHIPS»)
Барлық сұрақтар бойынша топ эдвайзерлеріне немесе факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарларына хабарласуға болады.
Міндетті құжаттар:
Соңғы 6 айдағы жалақы мөлшері және аударымдары көрсетілген анықтама (1С-Бухгалтерия/жалақы бағдарламалары арқылы);
Жұмыссыз болған жағдайда, ЦОН-нан (ХҚКО) алынған нөлдік табыс туралы анықтама;
Отбасы құрамын анықтау үшін жеке куәлік пен отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері көрсетілген табыс анықтамасы (ЦОН, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) (егер ата-анасы зейнеткерлер болса).
Егер бар болса, қосымша құжаттар:
Отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтама;
Ата-ананың зейнеткерлік куәлігі;
Ата-ананың еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама (уақытша немесе толық);
Соттың алимент өндіру туралы шешімі;
Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
Ата-анасының ажырасу туралы куәлігі немесе сот шешімі;
Студенттің некелескені туралы куәлік;
Көпбалалы ана куәлігі («Алтын алқа» белгісімен марапатталған);
Ата-ананың қайта некелескені туралы куәлік (фамилия өзгерген жағдайда);
Өгей әкенің табысы туралы анықтама;
Балалар үйі немесе мектеп-интернаттан анықтама;
Ата-анасынан бас тарту туралы өтініш;
Соттың ата-ана құқығынан айыру туралы шешімі;
Кәмелетке толмаған балаларға асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алу туралы анықтама.
Маңызды!
Міндетті құжаттар толық ұсынылмаса, өтініш қарастырылмайды!
Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтініш қаралмайды!
Егер GPA көрсеткіші А, А- болмаса, өтініш қабылданбайды!
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024