Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

Сурет және Сызу бойынша шығармашылық емтихандар «B073 – Сәулет» және «B031 – Сән, дизайн» білім беру бағдарламаларына оқуға түскісі келетін талантты талапкерлерді анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі. Бұл емтихандар талапкерлердің таңдаған мамандығына бейімділігі мен дайындық деңгейін бағалауға көмектеседі.

Емтихан барысында талапкерлер модельдің көлемі мен пішінін, жарық-көлеңке перспективасы мен кеңістігін, пропорциясын және объектінің сипатын, сондай-ақ реңк пен кеңістіктік ойлау қабілетін жеткізу дағдыларын көрсетеді. Бұл олардың шығармашылық бағытта оқуға дайындығы мен мотивациясын жақсырақ анықтауға мүмкіндік береді.

B073 - Сәулет

«B073 — Сәулет» білім беру бағдарламалары тобына шығармашылық емтихандар (қосымша шығармашылық емтихандар) бейінді емтихан ретінде өткізіледі және екі бөлімнен тұрады:

Сурет - 2

B031 - Сән, дизайн

«B031 – Сән, дизайн» білім беру бағдарламалары тобына шығармашылық емтихандар (қосымша шығармашылық емтихандар) бейінді емтихан ретінде өткізіледі және екі бөлімнен тұрады:

Сурет - 1

Талапкерде келесі құралдар болуы қажет: 2-H, 3-H, HB, B қаттылықтағы қарындаштар, сондай-ақ келесі сызу құралдары: сызғыш, 30°, 60° және 45° бұрыштары бар үшбұрышты сызғыштар, өшіргіш, циркуль, өлшеуіш.

Емтиханның мақсаты – талапкерлердің кеңістіктік ойлау қабілеті мен қарапайым сызу дағдыларын анықтау.

Емтихан ұзақтығы – 3 сағат.
Сызба A3 форматында орындалады.

Тапсырма:
Берілген екі ортогоналды проекция бойынша геометриялық дененің үшінші проекциясын салу, қажетті қималарды орындау, өлшемдерін көрсету. Тікбұрышты изометриялық проекцияны кесіндімен салу.

Өту балы: (min – 5, max – 50)

Сурет нысаны – антикалық ордер капителі.
Емтихан ұзақтығы – 4 сағат.
Сурет A3 форматында, белгілі бір ережелер мен сызу тәсілдерін сақтай отырып, сызықтар мен штрихтау көмегімен орындалады.

Талапкерде болуы тиіс:
Әртүрлі қаттылықтағы қарындаштар.

Капительдің суреті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
1 – Суреттің қағаз бетінде дұрыс композициялық орналасуы;
2 – Капительдің дұрыс сызықтық-перспективалық бейнеленуі;
3 – Капительдің конструктивтік тұрғыда дұрыс салынуы;
4 – Капительдің пропорционалды арақатынасының дұрыс берілуі;
5 – Жарық пен көлеңке штрихтау (нысанның көлемін айқындау).

Өту балы: (min – 5, max – 50)

Талапкерде келесі құралдар болуы қажет: 2-H, 3-H, HB, B қаттылықтағы қарындаштар, сондай-ақ сызу құралдары: сызғыш, 30°, 60° және 45° бұрыштары бар үшбұрышты сызғыштар, өшіргіш, циркуль, өлшеуіш.

Емтиханның мақсаты – талапкерлердің кеңістіктік ойлау қабілеті мен қарапайым сызу дағдыларын анықтау.

Емтихан ұзақтығы – 3 сағат.
Сызба A3 форматында орындалады.

Тапсырма:
Берілген екі ортогоналды проекция бойынша геометриялық дененің үшінші проекциясын салу, өлшемдерін көрсету және тікбұрышты изометриялық проекциясын құрастыру (кесусіз).

Өту балы: (min – 5, max – 50)