2025 жылдың 25 сәуірінде Халықаралық Білім беру Корпорациясына (KazGASA) ресми сапармен Миннесота университетінің (АҚШ) Салыстырмалы және халықаралық білім беру, STEM-білім беру бағдарламаларының және магистратура мен докторантура бөлімінің директоры, профессор, доктор Васкар Упадияй Даахал келді.
Сапар аясында профессор Упадияй ХБК (KazGASA) басшылығымен кездесті. Кездесуге провост — бірінші проректор Сабденалиев Бахтияр Асылбаевич, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Молдамуратов Жангазы Нуржанович және «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гусейнова Мейрибан Шахгусеновна қатысты. Кездесу барысында ғылым, білім және академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Ерекше назар ХБК (KazGASA) мен QS WUR 2024 рейтингінде 54-орында, THE WRR 2025 рейтингінде 69-орында тұрған Миннесота университеті арасындағы бірлескен жобалар мен алмасу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктеріне аударылды.
Сапар бастамашысы — өткен жылы «Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы аясында Миннесота университетінде тағылымдамадан өткен ХБК-ның қауымдастырылған профессоры Нусипова Арайлым Умарходжаевна болды.
Бұл сапар халықаралық әріптестік байланыстарды нығайту және академиялық өзара іс-қимылды кеңейту жолындағы маңызды қадамға айналды.
Халықаралық білім корпорациясы (KazGASA) профессор Васкар Упадияй Даахалға сапары және ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытқаны үшін, сондай-ақ Миннесота университетімен және College of Education and Human Development (CEHD) командасымен өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал еткені үшін шынайы алғысын білдіреді.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024