Отанға барар жол олимпиадасы

Отанға барар жол

Бүгінгі таңда әлемде Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын 5 миллионға жуық қазақ бар. Олардың арасында отанына оралғысы келетіндер де бар, соның ішінде Қазақстанда оқып, одан әрі жайласып, республикамыздың экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына үлес қосқысы келетіндер де бар. «Отанға барар жол» олимпиадасы тегін білім алу үшін өз Отанынан алыста жүрген отандастарымызды қолдауға бағытталған. Аталған олимпиаданың ерекше мақсаты-дарынды балаларды-этникалық қазақтарды анықтау және олардың тарихи отанына болашақ оралуына және қазақстандық қоғамға тез бейімделуі мен интеграциялануына ықпал ету болып табылады.

ХБК-ның ішкі грант жеңіп алғыңыз келе ме? Онда жыл сайын өтетін «Отанға барар жол» олимпиадасына қатысыңыз!

 Жыл сайын ұйымдастырылатын «Отанға барар жол» олимпиадасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз! «Отанға барар жол» олимпиадасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған және туған жерге оралып, тегін әрі сапалы жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Олимпиада аясында Халықаралық білім беру корпорациясы 1 жылға, 2 жылға және толық оқу мерзіміне ішкі гранттарды ұсынады. Олимпиадаға кімдер қатыса алады: Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері

Олимпиада онлайн форматта өтеді

Екі кезең мен финалдан тұрады:

  • I кезең: пост жариялау
  • II кезең: бейнеролик
  • Финал: сұхбат (онлайн немесе офлайн форматта)

Олимпиадаға тіркелу 30 маусымға дейін жалғасады. Егер сіз олимпиадаға қатысып, туған жерге оралғыңыз келсе және сапалы білім алғыңыз келсе, сілтеме арқылы өтіп, тіркеу формасын толтырыңыз. «Отанға барар жол» — бұл сені табысты болашаққа бастайтын алғашқы қадам!

Жүлде қоры:

1 орын — толық оқу кезеңіне 1 ішкі грант;
2 орын — алғашқы 2 жылға 1 ішкі грант;
3 орын — 1 жылға 1 ішкі грант.