Қазіргі заманғы әлемде онлайн білім — кәсіби және академиялық дамудың ажырамас бөлігіне айналуда. Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) жаһандық үрдістерді ескере отырып және білім берудің цифрлық трансформациясын қолдай отырып, онлайн курстарды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізіп келеді.
2025 жылы ХБК студенттері халықаралық Coursera платформасындағы «Жасанды интеллект (ЖИ) барлығы үшін» атты беделді курсты оқуға мүмкіндік алды. Бұл бастама жоғары оқу орнының әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып, білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін кеңейтуге және технологиялық дәуірдің жаңа сын-тегеуріндеріне дайындауға бағытталған.
«ЖИ барлығы үшін» курсы жасанды интеллекттің қалай жұмыс істейтінін, оның сәулет және дизайннан бастап бизнеске, қалалық жоспарлауға және инженерияға дейінгі әртүрлі салаларда қандай мүмкіндіктер ашатынын жалпы түрде түсіндіреді. Бағдарлама техникалық дайындықты талап етпейді, сондықтан әртүрлі бағыттағы студенттер үшін тамаша бастама болды.
Халықаралық білім беру корпорациясы алдағы уақытта да жетекші білім беру платформаларымен ынтымақтастықты дамытып, студенттерге сапалы халықаралық бағдарламаларға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынуды жалғастырады.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024