Қамқоршылық кеңесі

ҚазБСҚА Қамқоршылық кеңесі

Қамқоршылық кеңес 2007 жылы ҚазБСҚА-ның интеллектуалды әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесі үшін тиімді пайдалану және оқу орнына қажетті ұйымдастырушылық-материалдық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

ҚазБСҚА Қамқоршылық кеңесінің құрылуы мен қызметі 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 2007 жылғы 22 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің «Қамқоршылық кеңестің үлгілік қызмет ережелерін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығы аясында жүзеге асырылды.

Қамқоршылық кеңес құрамына мемлекеттік мекемелердің, білім беру басқару органдарының, ірі кәсіпорындар мен инвестор ұйымдардың өкілдері, шығармашылық және кәсіби қауымдастық мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ студент жастар кіреді. Кеңес ҚазБСҚА-ның өміріне белсенді атсалысады, оқу орнының басшылығымен, құрылымдық бөлімшелерімен, оқытушыларымен және студенттерімен тұрақты жұмыс байланысын орнатады. Қамқоршылық кеңес мүшелері

ХБК-ның даму жоспарларын талдап, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу, оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базаны кеңейту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қамқоршылық кеңестің маңызды бағыттарының бірі – аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға, талантты жастарға, сондай-ақ шетелдік практикаға (Мысыр, БАӘ, Қытай, Корея, Түркия, Италия, Испания және т.б.) баратын студенттерге демеушілік қолдау көрсету.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:

Сарманов Бекзат Казиевич

Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Элитстрой групп» директорлар кеңесінің төрағасы

Кеңес мүшелері:

Байтасов Арманжан Мерекеевич

«Tan Media Group» холдингінің негізін қалаушы, «Forbes Kazakhstan» журналының баспагері

Копбаев Канат Шоханович

Kusto Group-тың тең иесі және директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan төрағасы, «Бәйге» республикалық федерациясының президенті

Омаров Асхат Асанович

«BI Group» компаниясының СЕО-сы және директорлар кеңесінің мүшесі

Татыгулов Айдар Абдысагитович

«KAZGOR» президенті

Камитов Нурлан Дуйсенбаевич

«INK Architects» бас сәулетшісі

Нысанбаева Любовь Владимировна

«УРБОСТИЛЬ» ЖШС басшысы

Епишев Юрий Николаевич

«UNEX STORY» ЖШС басшысы