Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) ЮНЕСКО кафедрасының қызметі аясында және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ХБК сәулет факультетінің оқытушылары мен докторанттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қаратау өңірінің көне ескерткіштерінің бірі — Кұлан (VI–XIII ғғ.) қалашығында далалық зерттеулер жүргізді.

Құлан қалашығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген және Ұлы Жібек жолының бірегей мәдени ландшафтының құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында сарай кешенін, сирек кездесетін қабырға суреттерін зерделеуге және сол дәуірдің сәндік-қолданбалы өнерінің жоғары деңгейін айқындауға ерекше назар аударылуда.

Атқарылған жұмыс түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, университеттің ғылыми әлеуетін нығайту және ЮНЕСКО кафедрасын дамытуға бағытталған.