2025 жылғы 23-24 мамырда Семей қаласында «Абайдың «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты республикалық жастар форумы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің қолдауымен Шәкәрім университеті ұйымдастырды.

Форумға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 200-ге жуық өкіл, оның ішінде әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар, жастар саясаты департаменттерінің басшылары, сондай-ақ белсенді студенттер қатысты.

Форум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Жастар бастамаларын дамытуға барынша белсенді және үлес қосқан қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Марапатталғандар қатарында ХБК-ның жалпы құрылыс факультетінің студенті Сәрсенұлы Абзал да бар. Оның көпжылдық белсенді қызметі жоғары бағаланды. Абзал –Qamqor студенттік ұйымының көшбасшысы, MOK Awards сыйлығының лауреаты, жоғары оқу орындары мен қалалық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысы, Alma CUP және Qazaq Marathon жобаларының, сондай-ақ Qamqor Charity филиалдарының үйлестіруші.