Global Talent Scholarship

Арнайы стипендия

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) ақылы негізде оқуға түсетін шетел азаматтарына арналған «Global Talent Scholarship» арнайы стипендиялық бағдарламасын іске қосты.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматы емес дарынды талапкерлерді қолдауға бағытталған және бірінші оқу жылына 15%, 25%, 50% көлемінде жеңілдік береді.
Стипендия конкурс нәтижесі бойынша тағайындалады, оған келесілер кіреді:

  • Аттестатты бағалау
  • Академиялық эссе
  • Сұхбат
  • Шығармашылық емтихандар (Сәулет мектебі мен Дизайн мектебіне түсушілер үшін)

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 20 маусым – 5 тамыз.
Конкурс нәтижелері ресми сайтта конкурс комиссиясы отырысынан кейін 10 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Шығармашылық емтихандар 07.07.2025 – 15.07.2025 аралығында өткізіледі.

Өтініш берген кезде келесі құжаттар қажет:

Паспорт көшірмесі

Аттестат пен қосымшасының көшірмесі (нострификация міндетті)

Академиялық эссе

Жеке жетістіктерді растайтын құжаттар (грамоталар, дипломдар, сертификаттар және т.б.)

Сәулетшілер мен дизайнерлер үшін – сурет және сызу пәндері бойынша баллдар көрсетілген анықтама

Құжаттар

«Global Talent Scholarship» стипендиясы – әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды студенттер үшін Қазақстанда білім алуды қолжетімді етудің мүмкіндігі.