2025 жылғы 15 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Түрікменстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ЮНЕСКО клубтары федерациясының делегациясын қабылдады.
Сапар барысында қонақтар ХБК-ның музейі, зертханалары, кафедралары және KazGASA мектебінің қызметімен танысты. Қонақтарды ХБК ректоры Имандосова М.Б., провост Сабденалиев Б.А., ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Молдамуратов Ж.Н. және KazGASA мектебінің директоры Сабирдинова С.А. қарсы алып, құттықтау сөз сөйледі.
Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығында өткен дөңгелек үстелге сәулет факультетінің деканы Хасенов М.И., сәулет факультетінің профессорлары – сәу.ғ.д. Абдрасилова Г.С. және сәу.ғ.к., «ICOMOS Қазақстан» ҚБ төрайымы Исходжанова Г.Р., с.ғ.д. ЮНЕСКО ТМС кафедрасының меңгерушісі Глаудинова М.Б., сондай-ақ ЮНЕСКО кафедраларының өкілдері: Шығыстану институтынан – т.ғ.д. Абусеитова М.Х., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден – ф.ғ.к. Ошанова О.Ж. және г.ғ.к. Базарбаева Т.А., Абай атындағы ҚазҰПУ-ден – пед.ғ.к. Берикханова А.Е., сондай-ақ Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық федерациясы Хатшылығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында барысында Қазақстан мен Түрікменстандағы ЮНЕСКО кафедралары мен клубтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024