2025 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Наурыз мерекесіне орай жылы шырайлы ұрпақтар кездесуі өтті.
ХБК (KazGASA) негізін қалаған ардагерлер Академия қабырғасында қайта бас қосып, Наурыз мерекесін атап өтіп, қазіргі оқытушылар мен студенттермен кездесті.
Халықаралық білім корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов пен ХБК Ректоры Маргарита Булатовна Имандосова қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйлеп, Академияның дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге шынайы алғыстарын білдірді.
Өз сөзінде Айғазы Әмірланұлы Халықаралық білім корпорациясының (KazGASA) соңғы жылдардағы негізгі жетістіктерін атап өтіп, оқу орнының қалыптасуындағы ардагерлердің баға жетпес рөлін ерекше атап көрсетті және корпорацияның одан әрі дамуы жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Сапар аясында құрметті ардагерлерге жаңадан қайта жөнделген оқу корпусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар музейді аралап, бүгінгі таңда болашақ сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайнерлер білім алатын заманауи зертханалармен танысты.
Қонақтар үшін студенттердің күшімен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жылылық, құрмет пен алғыс атмосферасы қалыптастырылды.
Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, амандық және жылулық тілейміз!
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024