2024 жылдың 27 қарашасында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) Inspiration Day by KAZGOR шарасы өтті. KAZGOR Жобалық Академиясы студенттер мен оқытушыларды тәжірибе, білім және шабыт алмасу үшін корпорацияға келді.
Бағдарламада:
Жобалау үдерісі, параметрлік модельдеу, генеративті дизайн және экологиялық стандарттар (LEED/BREEAM) туралы қызықты баяндамалар;
Интерактивті сессиялар, талқылаулар және бағалы сыйлықтары бар викториналар;
Үздік студенттерге KAZGOR Жобалық Академиясында тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылды.
Шарада практикалық дағдыларға, жобалауда жасанды интеллектті қолдану, жобаларды басқару және командамен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.