Студенттік көктем 2024

22 сәуір күні жыл сайынғы Студенттік көктем 2024 байқауы өтті, оған Халықаралық білім беру корпорациясының барлық факультеттерінің студенттері қатысты. Осы жылы әр факультет өзінің шығармашылық нөмірлерінде қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:1 орын және 1 000 000 теңге жүлде – «Дизайн» факультеті;2 орын және 750 000 теңге жүлде – «Сәулет» факультеті;3 орын […]

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл мереке еліміздің бейбітшілігін, өркендеуі мен әл-ауқатын құрудағы бірлік пен өзара тұтастығының маңыздылығын көрсетеді. Көктемнің осы тамаша мерекесінде сіздерге денсаулық, барлық істеріңізге табыс, отбасыңызға амандық, туған жерімізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін! Ізгі тілекпен, т.ғ.д., профессор, ХБК ректоры М.Б.Имандосова

ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді.

ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді. Осы жылдың наурыз айында Қазақстанда көктемгі су тасқыны болып, одан 10-нан астам өңір зардап шегіп, мыңдаған тұрғындар баспанасыз қалды. Қазақстанның Батыс, Солтүстік, Орталық және Шығыс өнірлерінле су тасқыны салдарымен әлі де күресіп жатыр. Болған жағдайға байланысты Халықаралық білім беру корпорациясы су […]

ҚР ҒЖЖБМ 2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ШЕТЕЛДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ КОНКУРСЫ

Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студентері! Сіздерге 2024-2025 оқу жылына ҚР ҒжЖБ министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  байқау ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Халықаралық білім беру корпорациясы Польша мемлекетіндегі Краков технологиялық университетіне 3 квоталық грант орындарын бөледі. Байқауға тек мемлекет грантта білім алатын, қаржылық және академиялық қарызы жоқ, GPA көрсеткіші 3,30- дан жоғары және 2 немесе […]

Ұлттық киім күні

2024 жылдың 18 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында «Наурызнама 2024» онкүндік бағдарламасы аясында «Ұлттық киім күні» аталып өтті. Оқытушылар мен студенттер ұлттық бірегейлікті жандандыру бастамасын қолдап, Наурыз мерекесін жаңа форматта атап өту отансүйгіштік пен өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.

MOK FUSION Қорытынды конценрті

  2024 жылдың наурыз айында Халықаралық білім беру корпорациясында алғаш рет қатысушылардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін ынталандыруға бағытталған «MOK FUSION» байқауы бастауын алды. 15 наурыз күні байқаудың соңғы кезеңі өтіп, оған білім алушылардан, оқытушылардан және қызметкерлерден тұратын 12 дуэт әр түрлі өнер салаларында: ән айту, би, поэзия және музыкалық аспаптарда ойнау қабілеттерін көпшілік алдында көрсетті. […]

ХБК Ректоры Маргарита Болатқызы Имандосованың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті әріптестер! Халықаралық білім беру корпорациясы сіздерді Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көпұлтты елдің асыға күтетін бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы — Наурыз мейрамы туған елімізге құт-береке әкелсін! Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ […]

Міндетті грант өтеу

14 наурыз күні «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге факультет декандары мен білім алушылар қатысты.  Кездесу барысында:  «Екінші мамандық алсам қалай […]

Халықаралық білім беру корпорациясы итальяндық дизайн күніне қатысты.

14 наурыз күні «Құндылық құру — инклюзивтілік, инновация және тұрақтылық» ұранымен Әлемдегі итальяндық дизайнның күні өтті. Итальяндық дизайн күні – бұл 2017 жылы Италияның Сыртқы істер министрлігі және Италияның мәдениет Министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар циклі. Бұл мереке шетелдегі елшіліктер, консулдықтар, итальяндық мәдениет институттары мен ICE кеңселер желісі жүзеге асыратын бүкіл әлем бойынша […]

Білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу

2024 жылғы 14 наурызда сағат 14:30-да бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен онлайн-кездесу өтеді. Кездесу тақырыбы: «Білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу». Қатысу міндетті! Платформа: Microsoft Teams   Сілтеме:https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_Zjk0Y2UwNWEtMjdmYS00NmQ4LThhN2QtNjE4YzQ2MmUxOWJk%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22b83c0b6a-6a72-4398-9891-1a3fa95a048f%22%2c%22Oid%22%3a%22d8a440e8-1548-4515-8960-941d0852dd53%22%7d