«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) «ІНЖУ-дизайн» республикалық жас сән дизайнерлерге арналған байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының рухани бірлігін нығайту идеяларын дамыту және тарату, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау, сондай-ақ сән индустриясының дамуына үлес қосу үшін жаңа таланттарды ашу және жаңа есімдерді қолдау.
Презентация құрамы:
1) Титулдық бет (қатысушының толық аты-жөні, коллекцияның атауы, кәсіби санаты және номинациясы, оқу орны, жетекшісі);
2) Модель эскиздері (барлық 6-7 модель бір парақта), коллекция концепциясының сипаттамасы, эскиздерді орындау техникасы мен материалдары (шектеусіз);
3) Модель эскиздері сипаттамасымен – әрбір модель жеке парақта (1 модель + сыртқы келбеті сипаттамасы);
4) Модель/макетті жасауға арналған материалдар сипаттамасы (мүмкіндігінше, мата, материалдар және фурнитура фотосуреттерімен);
5) Фотосессия – материалдан жасалған модель/макет фотосуреттері (фигурада немесе манекенде, алдыңғы, артқы және бүйірлік көріністер), бөлек бөлшектер мен түйіндердің фотолары, трансформация кезіндегі өзгерістер және т.б.
Ұсыныс: Эскиздерді алдымен жоғары ажыратымдылықта сканерлеп, JPG форматында сақтау, содан кейін PowerPoint презентациясына енгізу.
2-кезең (онлайн режимде):
Жеңімпаздар марапатталады:
Қазылар алқасы тарапынан арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Байқау ұйымдастырушысы – Халықаралық білім беру корпорациясынан «ЮНИОР» және «КОЛЛЕДЖ» санатындағы қатысушылар үшін – ХБК Дизайн факультетінде («Сән дизайны») немесе ҚазГАСА колледжінде («Киім дизайны») 1 жылдық оқу ақысына жеңілдіктер:
25 000 тг
Байқау жұмыстары 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды баға қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағаларының арифметикалық орташа мәні ретінде есептеледі.
Байқау жұмыстары келесі бес тең дәрежелі критерий бойынша бағаланады: