1 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті.
«Жалпы құрылыс» және «Сәулет» факультеттерінде өзара түсіністік пен сыйластық құндылықтарын көрсетуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Студенттер мен оқытушылар мереке рухын көтеріп, өз өнерлерін көрсетті, ал ұлттық нақыш Қазақстан мәдениетінің байлығын көрсететін бірегей атмосфера жасады.