Шығармашылық емтихандар

B073 – Сәулет

Білім беру бағдарламалары тобына шығармашылық емтихандар (қосымша шығармашылық емтихандар) екі бөлімнен тұратын бейіндік емтихан ретінде өткізіледі:

Сурет - 1

Сурет - 2

B031 – Сән, дизайн

Білім беру бағдарламалары тобына шығармашылық емтихандар (қосымша шығармашылық емтихандар) екі бөлімнен тұратын бейіндік емтихан ретінде өткізіледі:

Шығармашылық емтихандар

«Сурет» және «Сызу» бойынша шығармашылық емтихандар  «B073 — Сәулет» және «B031 — Сән, дизайн» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға қабілетті шығармашылық дарынды талапкерлерді және талапкерлердің кәсіпті игеруге бейімділігін анықтау және іріктеу мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан оқуға түсушінің дайындық дәрежесін және оның мамандық таңдаудағы хабардарлығын анықтауға көмектеседі. Бұл конкурста модельдің көлемі мен формасы, жарық-ауа перспективасы мен кеңістігі, Объектінің сипаты мен пропорциясы, тонды пайдалану, көлемдік-кеңістіктік ойлау және т. б. суретте берілу қабілеті бағаланады.
 

Ескерту

⦁ «Сурет» емтиханында сызғыш ретінде қағаз парағын немесе басқа заттарды қолдануға болмайды;
⦁ Әр емтихан әр түрлі күндерде өтеді. Емтихандарды өткізу күндері ағындарға бөлінеді. Емтихандарды тапсыру күні мен толық ақпарат құжаттарды тапсырғаннан кейін белгілі болады;
⦁ «Сызу» емтиханында мөртабан қажет емес. Тек жақтауды салу керек;
⦁ Шығармашылық емтихандарды білім беру бағдарламалары тобының екі тобына тапсыруға болмайды.
⦁ Егер Сіз ҰБТ-ны 5 пән бойынша тапсырған болсаңыз, екі пәннің ұпайлары ескеріледі: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы;
⦁ ҚазБСҚА-да шығармашылық емтихандарға дайындық курстары бар.

Books

Талапкерде: 2-Н, 3-Н, НВ, В қаттылық қарындаштары, сондай-ақ мынадай сызу құралдары: сызғыш, 30, 60 және 45 градус бұрыштары бар төртбұрыштар, өшіргіш, циркуль, өлшегіш болуы тиіс. Емтихан талапкерлердің кеңістіктік қиялы мен қарапайым сызу дағдыларын анықтауға бағытталған. Емтихан 3 сағатқа созылады.

Сурет А3 форматында орындалады.

Тапсырма: берілген тетікбөлшектің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін (сол жақтан) салып, қажетті тіліктерді орындау керек. Өлшемдерді қою керек. Алдыңғы бөлігі ойылған тетікбөлшектің аксонометриялық проекциясын (тікбұрышты изометриялық проекциясын) салу керек.

Өту ұпайлары (мин. – 5, макс. - 45)

Сурет салу объектісі — ежелгі антикалық ордердің капителі. Көлбеу тұрған капительдің көрінісі. Емтиханның ұзақтығы — 4 сағат. Сурет А3 форматында сызықтар мен штрихтардың көмегімен белгілі бір ережелер мен сурет салу тәсілдерін қолдана отырып жасалады.

Талапкерде: әр түрлі қаттылықтағы қарындаштар болуы керек.

Капитель суреті келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. Суретті параққа дұрыс композициялық орналастыру;
  2. Капительдің дұрыс сызықтық перспективалық бейнесі;
  3. Капительдің дұрыс конструктивті құрылысы;
  4. Капительдің пропорционалды қатынасын дұрыс шешу;
  5. Жарық пен көлеңкені көлеңкелеу(заттың дене көлемін анықтау).

Өту ұпайлары (min-5, мах-45)

Талапкерде: 2-Н, 3-Н, НВ, В қаттылық қарындаштары, сондай-ақ мынадай сызу құралдары: сызғыш, 30, 60 және 45 градус бұрыштары бар төртбұрыштар, өшіргіш, циркуль, өлшегіш болуы тиіс. Емтихан талапкерлердің кеңістіктік қиялы мен қарапайым сызу дағдыларын анықтауға бағытталған. Емтихан 3 сағатқа созылады.

Сурет А3 форматында орындалады.

Тапсырма: берілген тетікбөлшектің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін (сол жақтан) салып, өлшемдерді қою керек (тіліксіз). Тетікбөлшектің аксонометриялық проекциясын (тікбұрышты изометриялық проекциясын) салу керек.

Өту ұпайлары (мин. – 5, макс. – 45)

Сурет салу объектісі — ежелгі антикалық ордерінің капителі. Мата жабылған көмбенің үстіне тік орналасқан капитель. Емтиханның ұзақтығы — 4 сағат. Сурет А3 форматында сызықтар мен штрихтардың көмегімен белгілі бір ережелер мен сурет салу тәсілдерін қолдана отырып жасалады.

Талапкерде: әр түрлі қаттылықтағы қарындаштар болуы керек.

Капительдің суреті келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. Суретті параққа дұрыс композициялық орналастыру;
  2. Капительдің дұрыс сызықтық перспективалық бейнесі;
  3. Капительдің дұрыс конструктивті құрылысы;
  4. Капительдің пропорционалды қатынасын дұрыс шешу;
  5. Жарық пен көлеңкені дұрыс штрихтау (заттың дене көлемін анықтау);
  6. Драпировканың пішіні мен көлеңкелеу шешімін анықтау.

Өту ұпайлары (min-5, мах-45)