14 наурыз күні «Құндылық құру — инклюзивтілік, инновация және тұрақтылық» ұранымен Әлемдегі итальяндық дизайнның күні өтті.
Итальяндық дизайн күні – бұл 2017 жылы Италияның Сыртқы істер министрлігі және Италияның мәдениет Министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар циклі. Бұл мереке шетелдегі елшіліктер, консулдықтар, итальяндық мәдениет институттары мен ICE кеңселер желісі жүзеге асыратын бүкіл әлем бойынша іс-шаралардың кең промо-бағдарламасынан тұрады: осыған орай жыл сайын Италияның жүзден астам делегаттары Ел дизайны мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.
Итальяндық қонақтардың іс-сапары аясында Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Имандосова Маргарита Булатқызы және Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Доктор Марко Альбертидің (Dr. Marco Alberti) іскерлік кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы Халықаралық білім беру корпорациясы мен Милан политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық болды. Елші Марко Альберти, бұл келісім Италия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы кезекті келісімге айналып қана қоймай, адамдар, институттар және жалпы елдер арасындағы байланыстарды тереңдетуге серпін беруі маңызды екенін атап өтті.
Алматыдағы итальяндық мәдениет институтының директоры доктор Эдуардо Кризафулли (Dr. Edoardo Crisafulli) Дизайн, Сәулет және сейсмология саласындағы бірлескен зерттеу бағдарламаларын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді. ХБК ректоры біздің ЖОО-ның бірегей сейсмоплатформасы мен жоғары білікті мамандары бар екенін растады. Олар итальяндық әріптестерімен бірлесіп халықаралық зерттеу жобасы шеңберінде біздің елдеріміз үшін сейсмикалық қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы зерттеумен айналыса алады.
Франческо Зурло (Prof. Francesco Zurlo), Италияның Қазақстандағы дизайн Елшісі, Милан политехникалық институты мектебінің деканы ХБК студенттері мен оқытушыларының алдында итальяндық дизайн мектебінің принциптері туралы дәріс оқыды. Атап айтқанда, ол тыңдаушылардың назарын барлық дизайн шешімдерінің негізінде адам мен оның қажеттіліктері жатқанын есте ұстаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, итальяндық дизайн күні аясында Алматыдағы итальяндық мәдениет институтында «Italia Geniale» көрмесі ашылды. Онда Италияда жасалған өнеркәсіптік дизайн нысандарының үлгілері көрсетілген. Халықаралық білім беру корпорациясының магистранттары мен студенттері итальяндық дизайнның ең жақсы үлгілерін өз көзімен көруге мүмкіндік алды.