Халықаралық білім беру корпорациясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

2024 жылғы 28 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумға қол қою алдында «Сәулет» факультетінің студенттері мен оқытушыларының ҚР ҰҚК ПА оқу полигоны үшін бірқатар объектілердің эскиздік ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі жұмысы болды. Аталған жоба барысында 34 студент пен 9 оқытушы қатысты.

Салтанатты іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.