ХБК профессоры Еуразиялық Сейсмо қауымдастығының медалімен марапатталды

2024 жылғы 13 маусымда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде екінші инновациялық халықаралық форум аясында «Жалпы құрылыс» факультетінің профессоры Абаканов Танатқан Досқарайұлы Еуразиялық сейсмикалық қауымдастық (ЕАСҚ) Төралқасының шешімімен сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталды.

 

Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!