«Сәулет» факультетінің оқытушыларына Сәулетшілер одағының мүшелік билеттері табысталды

2024 жылы 14 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясында Cәулет факультетінің 15 оқытушысын Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағына мүшелікке қабылдауға арналған одақтың көшпелі отырысы өтті. Отырысқа ҚР СА Басқарма мүшелері қатысты: Айдар Әбдісағитұлы Татығұлов, ҚР СА бірінші вице-президенті, «KAZGOR» Жобалау академиясының президенті; Болат Аманжолұлы Мұсылманбеков, ҚР СА вице-президенті, «Компания КУМБЕЗ» ЖШС директоры, Алматы облысының бас сәулетшісі; Федянин Антон Васильевич, сәулет конкурстары және жас сәулетшілермен жұмыс жөніндегі комиссияның төрағасы; Абдрасилова Гүлнара Сейдахметқызы, сәулет докторы, ХБК зерттеуші профессоры, ҚР СА сәулет білімі секциясының төрағасы. 

Бұл оқиға корпорация мен Сәулетшілер Одағының өзара қарым-қатынасының кезекті үлгісі болды, кәсіби деңгейдің одан әрі өсуіне және мамандар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етті.