19-21 тамыз аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында ҚазБСҚА базасында “Most BI” және “Тепло” қайырымдылық қорының қолдауымен SUSTEX Hackathon 2024 табысты өтті. Іс-шарада команда мүшелері тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу саласында инновациялық идеялар мен шешімдер ұсынды.
Хакатон барысында қатысушылар жетекші салалық сарапшылардың дәрістері мен шеберлік сабақтарын тыңдап, пікірлес әріптестерімен тәжірибе алмасты және өз жобаларын тәуелсіз қазылар алқасы мен іс-шара серіктестері алдында таныстырды. Жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құрады, ал жеңімпаздар Түркияға жолдама ваучерлерін иеленді.
Хакатон нәтижелері:
— 1-орын: «Reveco» командасы — Киюге жарамсыз киімді жаңа өнімге қайта өңдеу.
— 2-орын: «Eco Seat» командасы — Күріш қабығынан және тоқыма шығарындыларынан жасалған экологиялық орындықтар.
— 3-орын: «EcoWise» командасы — Шикізат өндіруден полигондарда ыдырауға және/немесе кәдеге жаратуға дейінгі тоқыма өнімдерінің көміртегі ізін есептеу жүйесі бар қосымша.
— Көрермендер көзайымы жүлдесі: «MindWorks» командасы — «Re.omir » бұл тоқыма қалдықтары мен ақылға қонымды тұтынуды азайтуға бағытталған киімді сатуға, айырбастауға және қайта өңдеуге арналған веб-бағдарлама.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға олардың үлесі мен белсенділігі үшін алғысымызды білдіреміз.