2024 жылдың 6 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) әлемдегі ең беделді архитектуралық мектептердің бірі — Лондондағы Сәулеттік ассоциацияның түлектері мен оқытушылары қатысқан қонақ дәріс өтті. Іс-шараның спикерлері Томирис Баталова мен Людвиг Хольмен өздерінің жаңашыл жобаларын таныстырып, сәулет саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Томирис Баталова “Project Mayhem: Dolphin House II” жобасын таныстырды, онда “Neuralink” аясында адамдар мен дельфиндердің өзара әрекеттестігі көрсетіліп, технологиялардың табиғатқа әсері зерттелген. Людвиг Хольмен “Smooth Collage” жобасын ұсынып, жасанды интеллект құралдарының әсері мен дәстүрлі визуализация әдістерінің сәулеттік жобалауға ықпалын салыстырды.
Дәріс қатысушыларға озық технологияларды классикалық әдістермен біріктіріп, болашақ сәулет өнерін көріге мүмкіндік берді. Студенттер мен оқытушылар жобалауға және визуализацияға инновациялық тәсілдермен шабыттанып, сәулеттік жобаларды жаңа қырынан көрді.
Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) студенттеріне кәсіби өсу мен білім алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсына отырып, әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тәжірибе алмасуды жалғастыруда.