2024 жылғы 21 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясы мен «FIABCI – Central Asia» Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестік аясында тараптар білім алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын, дәрістер мен іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық байланыстарды нығайту бағытында белсенді ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Қала құрылысы, сәулет және жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы студенттер мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Серіктестікті дамытудың алғашқы қадамы ретінде қазан айында Гонконгтың танымал сәулетшісі Джеймс Лоудың қонақ дәрісі өтеді.