Шанхай ғылым және технологиялар алмасу орталығы (SSTEC) делегациясының ХБК-ға сапары

2024 жылғы 14 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясы Шанхай ғылым және технологиялар алмасу орталығының (Shanghai Science and Technology Exchange Center, SSTEC) және Қытайдың бірқатар жетекші компанияларының делегациясын қабылдады. Сапар халықаралық ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өтті.

 

SSTEC – Қытайдағы жасыл технологиялар, жоғары технологиялар, медициналық зерттеулер, биотехнологиялар және инженерия салаларындағы ғылыми зерттеулермен және инновациялық технологияларды әзірлеумен айналысатын негізгі институттардың бірі. Орталық озық технологияларды коммерцияландырумен белсенді айналысады, бұл оны халықаралық ғылыми-техникалық ортада маңызды ойыншыға айналдырады.

 

SSTEC делегациясы сапар барысында урбанистика, қалаларды жобалау және цифрландыру салаларында жұмыс істейтін қазақстандық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытты. Бұл бағыттар қазіргі заманғы қалалардың тұрақты дамуы мен елдер арасындағы тәжірибе алмасу үшін стратегиялық маңызды болып табылады.


Аталған сапар ХБК-ның халықаралық байланыстарын дамытуға ықпал етіп, Қытаймен бірлескен ғылыми-техникалық және білім беру жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.