Әйгілі сәулетші Джеймс Лоудың ХБК-ға сапары

2024 жылғы 15 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) әлемге танымал сәулетші, зерттеуші және Cybertecture компаниясының негізін қалаушы Джеймс Лоудың сапары өтті.

 

Сапар аясында KazGASA мектебінің жоғары сынып оқушылары ағылшын тілінде мектеп бойынша қонағымызға экскурсия өткізді. Экскурсиядан кейін Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Қусаинов Джеймс Лоумен, сондай-ақ FIABCI – Орталық Азияның тең құрылтайшысы және бас хатшысы Алия Қахармановна Серикпаевамен және Қазақстан Құрылысшылар одағының Алматы қаласындағы филиалының директоры Тимур Таймасович Нуртаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар қазіргі сәулет және технологиялық үрдістерді талқылады.

 

Кейін қонақтар ХБК (ҚазБСҚА) білім беру және зерттеу зертханаларын аралап, Джеймс Лоу студенттерге лекция оқыды. Ол жаңа технологияларды қолдана отырып сәулет жобаларын жасау тәжірибесімен бөлісіп, сәулеттегі өзекті трендтерді талқылады. Лекция студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, Джеймс Лоу аудиторияның көптеген сұрақтарына қуана жауап берді.

 

Бұл сапар Халықаралық білім беру корпорациясы үшін маңызды оқиға болып, сәулет пен технологияны қазіргі білім беру процесіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.