2024 жылдың 5 қарашасында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) MIDAS компаниясының мамандары мен өкілдерінің қатысуымен бірлескен техникалық семинар өтті. Іс-шара құрылыс саласындағы заманауи үрдістерді талқылауға, MIDAS бағдарламалық қамтамасыз етуінің жаңа мүмкіндіктерін таныстыруға және пайдаланушылар мен әзірлеушілер арасындағы тәжірибе алмасуға арналды.
Семинарды ХБК ректоры Маргарита Булатовна Имандосова мен MIDAS компаниясының бас директоры Олег Алексеевич Кан ашты. Іс-шара барысында компанияның техникалық мамандары Александр Красноперов пен Евгений Юдинцев MIDAS GTS NX және MIDAS Gen бағдарламалық кешендерінің соңғы мүмкіндіктерін таныстырып, олардың құрылыс жобалау және модельдеу үшін маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында ХБК (ҚазБСҚА) мен MIDAS арасында оқу процесінде MIDAS бағдарламалық кешенінің лицензиялық нұсқаларын пайдалану туралы келісімге қол қойылды.