ХБК мен «Геомастер А» компаниясының ынтымақтастығы

29 қарашада ХБК-да (ҚазБСҚА) «Геомастер А» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Геодезия және картография» және «Кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың даярлау мәселелерін талқылау болды. Қатысушылар білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялауға ерекше назар аударды.

Ынтымақтастықты нығайту белгісі ретінде «Геомастер А» ЖШС Galaxy G2 үлгісіндегі заманауи геодезиялық GNSS-қабылдағышын ХБК Ректоры Имандосова Маргарита Булатовнаға табыстады. Бұл жабдық білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында оқу процесінде белсенді пайдаланылатын болады.

ХБК оқытушылары Польша мен Италияға ғылыми баяндамалармен барды

2024 жылғы 3-13 қараша аралығында Халықаралық білім беру корпорациясының Сәулет факультетінің оқытушылары Польша мен Италияға сапар жасады. Сапар AP19680138 гранттық жобасы аясында зерттеу тақырыбы бойынша материалдар жинау, мәдени мұраны сақтау тәжірибесін зерделеу және қазіргі заманғы сәулет өнерімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Делегация құрамына Абдрасилова Гульнара Сейдахметовна, PhD, профессор-зерттеуші және бас ғылыми қызметкер, Данибекова Эльвира Темиргалиевна, PhD, қауымдастырылған профессор және жобаның ғылыми жетекшісі, сондай-ақ Туякаева Айнагуль Кайрбаевна, сәулет кандидаты, қауымдастырылған профессор енді.

6 қараша күні делегация Польшадағы Ченстохова қаласындағы Ченстохова политехникалық университетінде өткен «Materials, structures, technologies and management in civil and environmental engineering» халықаралық конференциясына қатысты. «The architecture of underground mosques in Western Kazakhstan» тақырыбындағы баяндама тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, құрылыс дәстүрлері мен сәулеттік ерекшеліктеріне қатысты көптеген сұрақтар қойды.

13 қараша күні делегация Италияның Флоренция қаласында өткен «The World in Florence» халықаралық фестивалі аясында «Underground mosques of Kazakhstan as monuments of cultural heritage» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндама үлкен қызығушылық тудырып, конференция қазылар алқасының шешімімен «TWIF2024 Most Voted Itinerary» дипломымен марапатталды.

Фестиваль аясында Ромуальдо дель Бианко қорына ХБК сәулет факультеті оқытушыларының шығармашылық жұмыстары сыйға берілді. Бұл жұмыстар көрмеде көрсетіліп, Coppini мұражайының тұрақты коллекциясына енді.

ХБК-да Inspiration Day by KAZGOR іс-шарасы өтті

2024 жылдың 27 қарашасында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) Inspiration Day by KAZGOR шарасы өтті. KAZGOR Жобалық Академиясы студенттер мен оқытушыларды тәжірибе, білім және шабыт алмасу үшін корпорацияға келді.

Бағдарламада:

  • Жобалау үдерісі, параметрлік модельдеу, генеративті дизайн және экологиялық стандарттар (LEED/BREEAM) туралы қызықты баяндамалар;
  • Интерактивті сессиялар, талқылаулар және бағалы сыйлықтары бар викториналар;
  • Үздік студенттерге KAZGOR Жобалық Академиясында тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылды.

Шарада практикалық дағдыларға, жобалауда жасанды интеллектті қолдану, жобаларды басқару және командамен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ХБК студенті «Үздік студент» номинациясымен марапатталды

2024 жылдың 27 қарашасында Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен «Жастар рухы» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған “Almaty Leaders” жобасы аясында студент жастардың үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) жалпы құрылыс факультетінің екінші курс студенті Аймухан Ансар Абзалович Алматы қаласының үздік студенттерінің ондығына енді. Оның жетістіктері мен белсенді өмірлік ұстанымы жоғары бағаланып, сыйақы ретінде 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Ансарды марапатымен құттықтаймыз және оған одан әрі табыстар тілейміз!

Стэнфорд профессоры Пол Ким ХБК-ға келді

26 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында Стэнфорд университетінің профессоры Пол Киммен кездесу өтті. Сапар барысында профессор корпорацияның заманауи зертханалары мен жаңа оқу корпусын қамтитын инфрақұрылымымен танысты.

Профессор Ким қонақ дәрісін өткізді, онда жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілеттіліктің негізгі аспектілері, дағдыларды дамыту және жаңа сын-қатерлерге бейімделу мәселелері талқыланды. Дәрістен кейін ол дизайн-ойлау бойынша SMILE ASK атты авторлық әдістемесін таныстырған практикалық воркшоп өткізді.

Воркшоп аясында командалық байқау ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздары профессор Кимнің жеке демеушілігімен Бейжің немесе Лос-Анджелес қаласына сапарға жолдама алды.

МОК РФММ түлектеріне 5 білім беру грантын бөледі

Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) оқуға арналған 5 білім беру грантын Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) түлектеріне бөлетінін жариялады.

Әр грант оқу бағдарламасының толық кезеңінде оқудың 100% құнын жабады. Таңдау критерийлеріне үміткерлердің академиялық үлгерімі, қабылдау емтихандарының нәтижелері және мотивациялық хаттары кіреді.  

“РФММ түлегі ретінде мен мектептегі жылдарымды жылы сезіммен еске аламын және енді осы мектептің болашақ таланттарын қолдағым келеді. Бұл гранттар – сәулет, құрылыс және дизайн әлемінде өзін-өзі танытуды армандайтын жас дарындар үшін ерекше мүмкіндік” – деп атап өтті Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов.  

ХБК дарынды түлектерге жаңа көкжиектер ашады. Бұл қадам корпорацияның дарынды жастарды қолдау және болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға деген ұмтылысын растайды. 

ХБК Nobel Fest & Teachers’ Summit және салалық көрмесіне қатысты

2024 жылғы 21-23 қараша аралығында Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) Астана қаласында Nazarbayev University базасында өткен Nobel Fest & Teachers’ Summit әлемдік білім апталығы мен ілеспе көрмесіне қатысты.

 

Форум аясында студенттерді заманауи сын-тегеуріндерге дайындау бойынша негізгі аспектілер, соның ішінде жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамыту мәселелері қарастырылған отырыс өтті.

Қазақстан жас ғалымдарының «Жас Сәтбаевшылар» конгресі ХБК-да

Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында 2024 жылғы 22 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) Қазақстан жас ғалымдарының «Жас Сәтбаевшылар» I Конгресінің «Энергия, озық материалдар және транспорт» басым бағыты бойынша секциялық конференциясы өтті.

Конференция Қазақстан мен шетелден келген жас ғалымдарды жинап, нанотехнологиялар, энергия тиімділігі және инженерлік жүйелердің тұрақтылығы саласындағы зерттеулерін ұсынды. Негізгі тақырыптардың қатарында: сейсмотұрақты құрылыс, композиттік материалдарды әзірлеу, коррозияға төзімділікті арттыру технологиялары және баламалы энергетиканың болашағы болды.

Конгресс жас ғалымдардың тәжірибе алмасуы мен ғылыми қауымдастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналып, Қаныш Сәтбаевтың ұлы істерін жалғастыруда.



ХБК-да JOB FAIR 2024 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

2024 жылғы 21 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) Тәжірибе және мансап орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы JOB FAIR 2024 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара студенттер мен түлектердің кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған маңызды алаң болды.

Жәрмеңке аясында 30 жетекші компания өздерінің тағылымдамалары мен тәжірибе бағдарламаларын, сондай-ақ өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды. Бітіруші курс студенттері жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен еңбек шарттары туралы ақпарат алды, сонымен қатар түйіндемелерін тікелей ұйым өкілдеріне тапсырды. 

Іс-шараның мақсаты жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы өзара байланысты нығайту, қатысушыларды еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныстыру және мансаптық жоспарлау мәселелерінде қолдау көрсету болды. Жұмыс берушілер ХБК әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Жәрмеңке конструктивті және нәтижелі атмосферада өтті.

ХБК студенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақы иегері атанды

2024 жылдың қазан айында Нұрсұлтан Назарбаев қорының студенттік шәкіртақысы бойынша республикалық байқау жарияланды. Осы байқаудың жеңімпазы және арнайы шәкіртақы иегері ҚазБСҚА жалпы құрылыс факультетінің 3-курс студенті Асылбекова Медина Айбекқызы атанғаны жайлы қуана хабарлаймыз.  

 

Мединаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оқу мен кәсіби дамуында табыс тілейміз!!