Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Біздің еліміз үшін бұл айтулы мереке экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік келісім жолындағы халқымыздың қажырлы еңбегі мен өзін-өзі тануымен байланысты.

Бұл күн біздің жетістіктеріміз үшін мақтанышқа толы. Біз демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құрдық. Бұл — еліміздің тағдыры үшін ортақ жауапкершілік жолында қазақстандықтардың бірігуінің нәтижесі.

Әрқайсымыз Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне және одан әрі гүлденуіне

өз үлесімізді қосайық.

 

ХБК ректоры

Имандосова М. Б.

ХБК студенттері “Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай” фестиваліне қатысты

2023 жылғы 21 қараша күні “Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасы, IR(20)-4B және МО(20)-4C топтарында оқитын КАУФ-і 4 курс студенттері, қауымдастырылған профессор Күлайхан Төлегенқызы Тайчикованың жетекшілігімен, “Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай” фестиваліне қатысты.

Фестивальге Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысып, түрік немесе қытай мәдениетін көрсететін шығармашылық нөмірмен өнер көрсетті.

Қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Халықаралық студенттер күнімен құттықтауы

“ХБК” ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы, Құсайынов Айғазы Әмірланұлы, YPO әлемдік көшбасшыларына қосылды

“ХБК” ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Құсайынов Айғазы Әмірланұлы беделді Young Presidents Organization (YPO) мүшелігіне қабылданды.

YPO – әлемнің түкпір-түкпірінен компаниялардың иелері мен бірінші басшыларын біріктіретін көрнекті Халықаралық бизнес көшбасшылар қауымдастығы.

Құрметті үшінші орын: ХБК Alma Cup қалалық киберспорт турнирінде

11-12 қарашада Алматыдағы ЖОО арасында киберспорттан «ALMA CUP 2023» турнирі өтті.

Қаламыздағы университеттерден 15 команда қатысып, ХБК командасы 3-орынға ие болды.

Бәріміз бірге киберспортшыларымызды құттықтайық!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНДА “ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ” КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«”ЖОО-ның үздік оқытушысы” атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығының негізінде Халықаралық білім беру корпорациясында оқытушылар арасында 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезең өткізілді.

Бағалау нәтижелері бойынша оқытушылардың ғылыми-педагогикалық жұмысының сапа көрсеткіштері, жас кадрларды іргелі даярлауға және Халықаралық білім беру корпорациясы білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік базасын қалыптастыруға қосқан үлесі анықталды. “ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023” конкурсының 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезеңінде бағалау нәтижелері бойынша келесі оқытушылар жеңімпаздар болып іріктелді::

1) Ельжанов Ербол Абдрахманович, ЖҚФ-нің қауымдастырылған профессоры;

2) Садвокасова Гаухар Айтмаганбетовна, СФ-нің зерттеуші профессоры.

ХБК студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының щәкіртақысының иегерлері.

Тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақылар республикалық конкурсын жариялады.

Біздің 3 және 4 курс студенттеріміз Камашева Жансая Асқарқызы (ФСТИМ, ЭМС 21-4) және Пердебай Асемай Серикқызы (ФОС, РПЗС-20-5(21)) арнайы шәкіртақы иегері атанғанын қуана хабарлаймыз.

Байқау студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында өткізілді.

Щәкіртақы жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына белгіленіп, тек оқу кезеңінде ай сайын төленеді.

Студенттерімізді құттықтап, алдағы өмірде табыс тілейміз!

Қазақстан Республикасы күніне арналған Эссе байқауының жеңімпаздары!

“Менің мамандығым – менің саналы таңдауым” тақырыбында эссе байқауын өткізді.

Бұл жарысқа 22 үздік жұмыс қатысты. Конкурстық комиссия барлық қатысушылардың күш-жігерін бағалады, және соның ішінде 4 студент жүлделі орынға ие болғанын хабарлауға қуаныштымыз:

🏆I дәрежелі Диплом иегері – Жақыпбек Ұлданай (АЖиОЗ-23-23)

🥈II дәрежелі дипломға Бақытбаева Назерке
Және де
🥈Абубакиров Данекер (ГД-22-8).

🥉 III дәрежелі диплом Канафина Асельге (АжиОЗ-22-24).

Әлеуметтік даму және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. А. Сабирдинова жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға шығармашылық үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Дизайн факультетінің профессоры Ибрайшина Гүлнар Кенжеғазықызы “Құрмет” орденімен марапатталды

Дизайн факультетінің профессоры Ибрайшина Гүлнар Кенжеғазықызы “Құрмет” орденімен марапатталды.

Бұл орден еліміздің дамуына және білім беруіне қосқан үлесінің жемісі болып табылады.

Гульнар Кенжегазықызын ерекше марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл орден болашақ ұрпақ үшін көптен күткен өзгерістер мен шабыттың символы болсын!

ХБК студенттері “Дүниежүзілік көшпенділер орталығы 2023” байқауының жеңімпаздары

А.М. Құсайыновтың жетекшілігімен ХБК командасының жобасы  “Дүниежүзілік көшпенділер орталығы 2023” үздік эскиз-идеясына арналған байқауда бірінші орынға ие болды.

Бұл байқау 5 елден 140-тан астам сәулетшіні, 36 шифрланған жұмысты жинады. Бас жүлде – жобаны іске асыруға келісімшартқа қол қою.

ХБК атынан лайықты және жарқын жеңіспен құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз, алар асуларыңыз көп болсын!