“Nomads” тақырыбында студенттер қатасына қабылдау ресімі

29 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы спорт-мәдениет кешенінде Халықаралық білім беру корпорациясының ең ауқымды жіне жарқын оқиғаларының бірі – бірінші курс студенттерін «Nomads» тақырыбында студенттікке қабылдау ресімі өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен құндылықтары арқылы жастарды біріктіруге бағытталған “Ұлттық Сезім” мәдени жобасын насихаттау.

Студенттер дәстүрлі ұлттық костюмдер киіп, кешке ерекше атмосфера сыйлап, ежелгі көшпенділер мәдениетін көрсетті. Іс-шара бағдарламасында студенттердің ерекше өнер көрсетулері болды, олар көшпелі өмір салтының ерекшеліктерін және оның ата-баба жерімен тығыз байланысын ашып көрсетті. 

Шақырылған хедлайнердің қатысуы кешке аталмас серпін беріп, студенттерге ерекше қуат сыйлап, бұл кешті шынымен есте қаларлық етті.

Бірінші крус студенттерін оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және оларға сәттілік, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

ХБК оқытушылары Бостандық ауданы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды

2 қазан күні Ұстаздар күні қарсаңында Халықаралық білім беру корпорациясының оқытушылары Бостандық ауданы әкімдігінің алғыс хаттарын алды. Аудан әкімі Алин Санжар Меңдібайұлы олардың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестерін және көпжылдық еңбектерін жоғары бағалады.

 

Марапатталғандардың қатарында жалпы құрылыс факультетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының профессорлары: 

  • 21 жылдық ағылшын тілін оқыту тәжірибесі бар ассистент-профессор Мангазина Жанель Раульқызы;
  • 23 жылдық дене шынықтыру пәнінен оқыту тәжірибесі бар қауымдастырылған профессор Югай Инна Владимировна;
  • 21 жылдық қазақ тілін оқыту тәжірибесі бар қауымдастырылған профессор Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы.

 

Құрметті оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру саласындағы жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

ХБК-да Крымбек Кушербаевтың «Айналайын, Азаттық» кітабының тұсаукесері өтті

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясында ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, оның басты оқиғасы Крымбек Елеуович Кушербаевтың «Айналайын, Азаттық» кітабының тұсаукесері болды. Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты, олардың қатарында Мутанов Галымкаир Мутанович, Абжаппаров Абдумуталип Абжаппарович, Закарьянов Кайрат Кайруллинович, Пазылхаирова Гульбану Тажибаевна, Арын Ерлан Мухтарұлы, Ныгыметов Гани Сактаганович, Алибаев Нуржан Нурмагамбетович, Сулеев Досым Касымович және Туктибаев Ибрагим Туктибаевич болды.

Кездесу барысында қонақтарға жаңартылған ҚазБСҚА ғимараты, digital музей, Амирлан Айдарбекович Кусаиновтың мемориалды музейі, сондай-ақ арнайы зертханалар көрсетілді. Қонақтарға білім беру жүйесін инновациялық дамытуға бағытталған жаңа ғылыми зерттеулер мен жобалар таныстырылды.

Ғылыми кеңес Крымбек Елеуұлы Кушербаевтың «Айналайын, Азаттық» кітабының таныстырылымынан басталды, ол қонақтар арасында қызу талқылау тудырды. Автор өзінің кәсіби қызметі, белгілі тұлғалармен кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ өзінің мансабы мен өмір жолындағы маңызды сәттерді талқылады. Студенттер мен оқытушылар кітап жазуға шабыт, мансап жолындағы қиындықтар мен жастарға арналған кеңестер туралы сұрақтар қойды.

Кеңес отырысының соңында Крымбек Елеуович Кушербаевқа құрметті профессор дипломы берілді.

«Айналайын, Азаттық» кітабының таныстырылымы тарихи жадыны сақтаудың және ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, жас ұрпақтың рухани дамуының маңызды символына айналды.

ХБК және SPERI S.p.A. компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясы мен итальяндық SPERI S.p.А. компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

 

Сәулеттік жобалауға маманданған SPERI S.p.А. 1974 жылы негізін қалаған. Оның үш континентте филиалдары бар және бас кеңсесі Милан қаласында орналасқан. 2024 жылы компания Алматыда өз филиалын ашты, бұл халықаралық аренада ықпалын кеңейту үшін маңызды қадам болды.

 

Меморандумға сәйкес тараптар қала құрылысы, сейсмикалық барлау және геотехника сияқты негізгі бағыттарда жобаларды бірлесіп іске асыруды жоспарлап отыр. Меморандумға Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Маргарита Булатовна Имандосова және SPERI S.p.A. бас директоры Вальтер Макки (Valter Macchi) қол қойды

 

Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасу және сәулет және қала құрылысы саласында озық технологияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

ХБК-да Sustainable Smart City 2024 инкубаторының Demo Day өтті

21 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясында Sustainable Smart City 2024 инкубаторының финалдық кезеңі өтті, онда жас инноваторлар мен мамандар қалаларымыздың болашағына арналған өз шешімдерін ұсынды. Іс-шараға Халықаралық білім беру корпорациясының 1-5 курс студенттері және басқа университеттердің студенттері, сондай-ақ жас мамандар мен инноваторлар қатысты. Олар BI Group компаниясының нақты кейстері бойынша жұмыс істеп,  Most BI қолдауымен шешімдер әзірледі.

Инкубатор бағдарламасы 150-ден астам қатысушы мен 40 топтың қатысуымен басталды, бірақ финалға тек 10 мықтысы жетті. Инкубация барысында қатысушылар құрылыс индустриясының көшбасшыларынан мастер-класстар мен менторлық сессиялардан өтіп, жобаларын дамытып, оларды презентация деңгейіне жеткізді. Финалистер өз шешімдерін питчингте ұсынды, мұнда 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры мен BI Group компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндігі ойнатылды.

Сонымен қатар, құрылыс қалдықтарын шығару мәселесін шешуге арналған жоба ұсынылып, оған 100 000 теңге көлемінде жеке жүлде қоры ойнатылды.

Қазылар алқасының құрамына бизнес-ангелдер, венчурлық инвесторлар, сондай-ақ құрылыс және стартап индустриясының сарапшылары кірді. Қазылар алқасының төрағасы болып Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Амирланович Кусаинов тағайындалды.

Жеңімпаздар:  

Cool engineers – 1 орын  

ReCo – 2 орын  

Real design – 3 орын  

Shecodeimpact – көрермендер көзайымы жүлдесін иеленіп, КазГАСА-ның ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша RnD-да тегін білім алу мүмкіндігін және Influencers білім беру платформасынан Netpeak Kazakhstan ұсынған Digital marketing курсына тегін қолжетімділікке ие болды.

Demo Day Қазақстанның үздік жас таланттарын біріктіріп, қалалардың тұрақты дамуына арналған инновациялық шешімдер ұсынған маңызды оқиға болды.

ХБК мен «FIABCI – Central Asia» Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

2024 жылғы 21 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясы мен «FIABCI – Central Asia» Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Серіктестік аясында тараптар білім алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын, дәрістер мен іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық байланыстарды нығайту бағытында белсенді ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Қала құрылысы, сәулет және жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы студенттер мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

 

Серіктестікті дамытудың алғашқы қадамы ретінде қазан айында Гонконгтың танымал сәулетшісі Джеймс Лоудың қонақ дәрісі өтеді.



Халықаралық білім беру корпорациясы мен Alumen Systems арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2024 жылғы 18 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясы мен «Alumen Systems» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл оқиға 2024 жылдың көктемінде Alumen Systems бастамасымен ҚазБСҚА-да «Smart Construction School» оқу орталығы ашылған кезде негізі қаланған серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуды білдіреді. Орталықтың негізгі миссиясы – мөлдір құрылымдар мен желдетілетін қасбеттік жүйелердің түйіндік қосылыстарын жобалау, есептеу және монтаждау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.

Соңғы бірнеше ай ішінде орталық сынақ режимінде жұмыс істеді. Оқытудағы алғашқы кезең ҚазБСҚА оқытушыларына арналған курстардан басталды. Алдағы уақытта Smart Construction School инженерлік-техникалық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асырады, бұл құрылыс саласындағы мамандардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл оқу орталығында ҚазБСҚА студенттері де білім алатын болады.

Alumen Systems Alumen Group консорциумының құрамына кіреді, ол Германия, Түркия, Ресейде әртүрлі құрылыс технологияларына маманданған 22 ірі компанияны біріктіреді. Қазіргі уақытта компания құрылыс саласында өз қызметін белсенді түрде кеңейтуде.

Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы құрылыс сапасын жақсартуға және озық технологияларды енгізуге жаңа перспективалар ашады.

 

ХБК делегациясы Бремендегі Constructor University-де іс-сапарда болды

2024 жылдың 12 және 13 қыркүйегінде ХБК делегациясы, Провост және ғылым
мен инновациялар жөніндегі Проректордың қатысуымен, 16 тамызда Constructor
University-дің Төрағасы Серж Белл ХБК-ға келгеннен кейін, Германияның Бремен
қаласындағы Constructor University-ді өзара сапарлады.
Бірінші күннің бағдарламасы аясында біздің делегация Constructor Demo Day-ге
қатысты. Онда университеттің бірегей экожүйесі таныстырылып, стартаптардың питчингі
көрсетілді. Demo Day бүкіл әлемнен бизнес-ангелдер, VC инвесторлар және
кәсіпкерлердің жоғары концентрациясын жинады.
Екінші күнде Constructor University-мен тереңірек танысуға арналған. ХБК
өкілдеріне кампус бойынша экскурсия, зертханаларды аралау ұйымдастырылды, сондай-ақ
президент, провост, декандар, ғалымдармен және Нобель сыйлығының лауреаты
Константин Новоселовпен 11 кездесу өтті.
Constructor командасына шақырулары мен жылы қабылдауы үшін рахмет айтамыз.
Екі күннің қорытындысы бойынша университеттер білім беру бағдарламалары,
академиялық ұтқырлық, ғылым және білім беруді цифрландыру саласында бірлескен
жұмыстарды дамыту бойынша ортақ келісімге қол жеткізді. Бұл ХБК студенттері мен
білім беру жүйесі үшін зор мүмкіндіктер ашады.

Лондондағы Сәулеттік ассоциация түлектері мен оқытушыларының ХБК-дағы қонақ дәрісі

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) әлемдегі ең беделді архитектуралық мектептердің бірі – Лондондағы Сәулеттік ассоциацияның түлектері мен оқытушылары қатысқан қонақ дәріс өтті. Іс-шараның спикерлері Томирис Баталова мен Людвиг Хольмен өздерінің жаңашыл жобаларын таныстырып, сәулет саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Томирис Баталова “Project Mayhem: Dolphin House II” жобасын таныстырды, онда “Neuralink” аясында адамдар мен дельфиндердің өзара әрекеттестігі көрсетіліп, технологиялардың табиғатқа әсері зерттелген. Людвиг Хольмен “Smooth Collage” жобасын ұсынып, жасанды интеллект құралдарының әсері мен дәстүрлі визуализация әдістерінің сәулеттік жобалауға ықпалын салыстырды.

Дәріс қатысушыларға озық технологияларды классикалық әдістермен біріктіріп, болашақ сәулет өнерін көріге мүмкіндік берді. Студенттер мен оқытушылар жобалауға және визуализацияға инновациялық тәсілдермен шабыттанып, сәулеттік жобаларды жаңа қырынан көрді.

Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) студенттеріне кәсіби өсу мен білім алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсына отырып, әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тәжірибе алмасуды жалғастыруда.

«Дизайн» факультетінде «Материалдар кітапханасы» жаңа оқу аудиториясының ашылуы

2024 жылы 26 тамызда Халықаралық білім беру корпорациясында «Дизайн» факультетінде «Материалдар кітапханасы» жаңа оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба демеуші ретінде әрекет еткен Blum Central Asia компаниясымен бірлесе жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатында Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Маргарита Булатовна Имандосова және Blum Central Asia компаниясының бас директоры Екатерина Александровна Шарутина сөз сөйледі. Олар жобаның студенттердің білім алу мүмкіндіктерін арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, сапалы оқу үдерісін қалыптастыруда өнеркәсіп көшбасшыларымен әріптестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Материалдар кітапханасы» студенттер мен оқытушыларға дизайн саласындағы заманауи материалдар мен технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды ресурсқа айналады.