Ұлттық киім күні

2024 жылдың 18 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында “Наурызнама 2024” онкүндік бағдарламасы аясында “Ұлттық киім күні” аталып өтті.

Оқытушылар мен студенттер ұлттық бірегейлікті жандандыру бастамасын қолдап, Наурыз мерекесін жаңа форматта атап өту отансүйгіштік пен өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.

MOK FUSION Қорытынды конценрті

 

2024 жылдың наурыз айында Халықаралық білім беру корпорациясында алғаш рет қатысушылардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін ынталандыруға бағытталған “MOK FUSION” байқауы бастауын алды.

15 наурыз күні байқаудың соңғы кезеңі өтіп, оған білім алушылардан, оқытушылардан және қызметкерлерден тұратын 12 дуэт әр түрлі өнер салаларында: ән айту, би, поэзия және музыкалық аспаптарда ойнау қабілеттерін көпшілік алдында көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Абдильдаева Алина Болатовна, ҚАУ мектебінің оқытушысы және Балгазина София, ҚАУ мектебінің 8-сынып оқушысы;

II орын – Мусабеков Назарбек Расулбекович, ХБК ассистент-профессоры және Камашева Жансая Асқарқызы, ХБК 3 курс студенті;

III орын – Алдибекова Алтынай, ҚазБСҚА колледжінің оқытушысы және ҚазБСҚА колледжінің 2 курс студенті Ерікұлы Арабиддин жеңімпаз болып атанды.

Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов пен ХБК ректоры Маргарита Булатовна Имандосова салтанатты түрде барша өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс білдіріп жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

ХБК Ректоры Маргарита Болатқызы Имандосованың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Халықаралық білім беру корпорациясы сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көпұлтты елдің асыға күтетін бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған елімізге құт-береке әкелсін!

Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,

ХБК ректоры, т.ғ.д., профессор

М. Б. Имандосова

 

 

 

Міндетті грант өтеу

14 наурыз күні “Халықаралық білім беру корпорациясы” ЖШС ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге факультет декандары мен білім алушылар қатысты.  Кездесу барысында:  «Екінші мамандық алсам қалай болады?», «Жұмыс таппаған жағдайда не істеймін?», «Қазірден бастап жасаған жұмысым саналама?»,  «Тұрмысқа шықсам қалай болады?», «Әскерге шақырылған жағдайда және екінші рет магистратураға түссем не істеуге болады?» деген  сияқты әртүрлі сұрақтарға толық жауап берілді. 

Қаржы орталығының маманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды. Білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттада жалғасын табады.

Халықаралық білім беру корпорациясы итальяндық дизайн күніне қатысты.

14 наурыз күні “Құндылық құру – инклюзивтілік, инновация және тұрақтылық” ұранымен Әлемдегі итальяндық дизайнның күні өтті.

Итальяндық дизайн күні бұл 2017 жылы Италияның Сыртқы істер министрлігі және Италияның мәдениет Министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар циклі. Бұл мереке шетелдегі елшіліктер, консулдықтар, итальяндық мәдениет институттары мен ICE кеңселер желісі жүзеге асыратын бүкіл әлем бойынша іс-шаралардың кең промо-бағдарламасынан тұрады: осыған орай жыл сайын Италияның жүзден астам делегаттары Ел дизайны мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.

Итальяндық қонақтардың іс-сапары аясында Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Имандосова Маргарита Булатқызы және Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Доктор Марко Альбертидің (Dr. Marco Alberti) іскерлік кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Халықаралық білім беру корпорациясы мен Милан политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық болды. Елші Марко Альберти, бұл келісім Италия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы кезекті келісімге айналып қана қоймай, адамдар, институттар және жалпы елдер арасындағы байланыстарды тереңдетуге серпін беруі маңызды екенін атап өтті.

Алматыдағы итальяндық мәдениет институтының директоры доктор Эдуардо Кризафулли (Dr. Edoardo Crisafulli) Дизайн, Сәулет және сейсмология саласындағы бірлескен зерттеу бағдарламаларын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді. ХБК ректоры біздің ЖОО-ның бірегей сейсмоплатформасы мен жоғары білікті мамандары бар екенін растады. Олар итальяндық әріптестерімен бірлесіп халықаралық зерттеу жобасы шеңберінде біздің елдеріміз үшін сейсмикалық қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы зерттеумен айналыса алады.

Франческо Зурло (Prof. Francesco Zurlo), Италияның Қазақстандағы дизайн Елшісі, Милан политехникалық институты мектебінің деканы ХБК студенттері мен оқытушыларының алдында итальяндық дизайн мектебінің принциптері туралы дәріс оқыды. Атап айтқанда, ол тыңдаушылардың назарын барлық дизайн шешімдерінің негізінде адам мен оның қажеттіліктері жатқанын есте ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, итальяндық дизайн күні аясында Алматыдағы итальяндық мәдениет институтында “Italia Geniale” көрмесі ашылды. Онда Италияда жасалған өнеркәсіптік дизайн нысандарының үлгілері көрсетілген. Халықаралық білім беру корпорациясының магистранттары мен студенттері итальяндық дизайнның ең жақсы үлгілерін өз көзімен көруге мүмкіндік алды.

Білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу

2024 жылғы 14 наурызда сағат 14:30-да бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен онлайн-кездесу өтеді.

Кездесу тақырыбы: «Білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу».

Қатысу міндетті!

Платформа: Microsoft Teams  

Сілтеме:https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_Zjk0Y2UwNWEtMjdmYS00NmQ4LThhN2QtNjE4YzQ2MmUxOWJk%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22b83c0b6a-6a72-4398-9891-1a3fa95a048f%22%2c%22Oid%22%3a%22d8a440e8-1548-4515-8960-941d0852dd53%22%7d

ХБК Ректоры Маргарита Болатқызы Имандосованың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сізге зор денсаулық, бақыт, амандық, кәсіби табыс, барлық ойластырылған жобаларды және жаңашыл идеяларды іске асыруды тілеймін.
Алға қойған мақсат-армандарыңыз орындалып өміріңіз тек жарқын оқиғаларға толы болсын!
Ізгі тілекпен,

т. ғ. д., профессор, ХБК ректоры
М. Б. Имандосова

1 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті.

1 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті.

“Жалпы құрылыс” және “Сәулет” факультеттерінде өзара түсіністік пен сыйластық құндылықтарын көрсетуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Студенттер мен оқытушылар мереке рухын көтеріп, өз өнерлерін көрсетті, ал ұлттық нақыш Қазақстан мәдениетінің байлығын көрсететін бірегей атмосфера жасады.

ХБК мен KAZGBC Қазақтандық жасыл құрылыс қенесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

Халықаралық білім беру корпорациясы мен Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) елімізде жасыл құрылысты дамытуға ұмтылуда күш біріктірді.

Корпорация базасында өткен кездесуде KazGBC Атқарушы директоры Александр Белый пен ХБК ректоры  Имандосова Маргарита Болатқызы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Осы серіктестік аясында Корпорация KazGBC әлеуметтік серіктесі мәртебесіне ие болды. Меморандум Қазақстанда жасыл құрылысты дамытуға және танымал етуге бағытталған бастамалар мен жобалар шеңберінде тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға негіз болады. Сондай-ақ осы саладағы жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлауға ерекше назар аударылатын болады.

ХБК мен KazGBC арасындағы ынтымақтастық өңірдегі орнықты құрылысты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіпқойлар мен болашақ мамандар арасында білім мен озық тәжірибелермен алмасуды қамтамасыз етеді.

ХБК біліктілікті арттыру курстары

Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Жылыой, Мақат және Исатай аудандық әкімдіктерінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады.

Оқыту офлайн форматта 2024 жылғы 12-16 ақпан аралығында келесі бағыттар бойынша өтті:

“Бас жоспар және қала құрылысының өзекті мәселелері”

“Инновациялық тұрғын аудандар және проблемалар”

“Тұрғын және қоғамдық ғимараттар архитектурасын салудың өзекті мәселелері”.

Оқуды сәтті аяқтағантыңдаушыларға сертификаттар табысталды.