2021 жылғы қысқы қабылдаудың алғашқы магистранттарына диплом табыстау рәсімі

2024 жылғы 2 ақпан күні Халықаралық білім беру корпорациясында оқуды сәтті аяқтаған 2021 жылғы қысқы қабылдау магистратурасының бірінші түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

Сәулет, Дизайн, Құрылыс және Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру білім беру бағдарламалары бойынша магистрлердің дипломдарын корпорация ректоры, т.ғ.д., профессор Имандосова Маргарита Булатқызы табыс етті.

Құттықтау сөзінде Маргарита Булатқызы магистрлерге алған білімдерін кәсіби қызметте қолдануды және Қазақстан Республикасының экономика саласының дамуына өз үлесін қосуды тіледі.

ЖШС “ХБК” әскери кафедрасы

ЖШС “ХБК” әскери кафедрасы 1 ақпаннан бастап ХБК, АГЭУ, ЕТУ, ҚАУ, КБТУ, DFUK, ТУРАН студенттерінен офицер және запастағы сержант бағдарламасы бойынша іріктеуге өтініш қабылдауды бастайды.

Оқу әскери күн ретінде өтеді. Оқу ұзақтығы запастағы сержант үшін 1 жыл және запастағы офицер бағдарламасы үшін 2 жыл.

Іріктеуге 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының 24 жасқа толмаған азаматтары (жігіттер және қыздар) қатыса алады.

Запастағы офицер бағдарламасына өтініштер тек 1 курс студенттерінен (4 жылдық оқу) және 1-2 курс студенттерінен (5 жылдық оқу) қабылданады. Сонымен қатар, запастағы сержант бағдарламасына 1-2 курс студенттері (4 жылдық оқу) және 1-3 курс студенттері (5 жылдық оқу) өтініш бере алады.

Қысқартылған оқу формасында оқитын студенттер тек запастағы сержант бағдарламасында оқи алады.

АТУ, АГЭУ, ЕТУ, ҚАУ, КБТУ, DFUK, ТУРАН студенттері үшін әскери кафедрада оқу ақылы негізде жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы күнделікті 9:00 – 16:30 аралығында жұмыс жасайды.

Түскі үзіліс: 12:30 – 13:30 Мекенжайы: Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі 28.

Конкурстық іріктеу төрт кезең бойынша өткізіледі. Байқаудың әр кезеңіне студент тек бір рет қатыса алады.

1 кезең – қорғаныс істері басқармасында медициналық куәландырудан өту.

Медициналық куәландырудан өту үшін көрсетілген мекенжай бойынша келіп, медициналық куәландыруға және медициналық картаға жолдама алу қажет. Өзіңізбен бірге:

Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).

Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).

3х4 – 2 (екі) дана фотосуреттер.

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Факультет деканының қолы қойылған студенттің ЖОО-да оқитынын растайтын анықтама.

Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).

Тезтікпе – 1 дана.

Файл парағы – 2 дана.

Медициналық куәландыру әскери есепке алу орны бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармада жүргізіледі (басқа қаладан келген студенттер уақытша тіркелген жері бойынша әскери есепке тұруы тиіс). Медициналық куәландыру картасын тапсыру мерзімі 2024 жылғы 13 мамырға дейін.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне өтеді.

2, 3 және 4 кезеңдер 2024 жылғы 28-31 мамыр аралығында өткізіледі.

2 кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу.

3 кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру.

4 кезең – рейтингтік баллға сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Студенттерге арналған дене шынықтыру дайындығын тексеру нормативтері (ерлер)

№ п/п

Бақылау жаттығулары

Бағалау

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Тартылу (саны)

12

10

8

Студенттерге арналған дене шынықтыру дайындығын тексеру нормативтері (қыздар)

№ п/п

Бақылау жаттығулары

Бағалау

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Денені шалқасынан жатып  көтеру (саны)

25

20

15

Үш норматив тапсыру сомасы бойынша 9 балл жинай алмаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

Мандаттық комиссияның ЖЖОКБҰ басшылығы медициналық комиссиядан өткен кандидаттарға өткен оқу курсы үшін GPA баллын береді.

Барлық сұрақтар бойынша: 8-707-879-00-17

ХБК-да “Алматы қаласының сәулет және қала құрылысын дамытудың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

ХБК-да “Алматы қаласының сәулет және қала құрылысын дамытудың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесуге қаланың жетекші сәулет компанияларының өкілдері шақырылды. Талқылаудың негізгі тақырыбы Алматы қаласынның құрылыс мәселелерін шешуге арналғанинтеграцияланған әдіс – тәсілдердің қажеттілігі болды.

ХБК ректоры М.Б. Имандосова шақырылған қонақтармен өзара ынтымақтастықтың келешегі мен шарттарын талқылады. Әнгіме барысында ХБК пен сәулет қоғамдастығының бірлескен жұмысы жайлы келісімге қол жеткізілді.

ХБК-да Әмірлан Айдарбекұлы Құсайыновты еске алуға арналған қызметкерлер мен ПОҚ арасында спартакиада ұйымдастырылды.

ХБК-да Әмірлан Айдарбекұлы Құсайыновты еске алуға арналған қызметкерлер мен ПОҚ арасында спартакиада ұйымдастырылды.

Жарыс 08.01.24 бастап 12.01.24 дейін 5 күн бойы баскетбол, волейбол, дартс, шағын футбол, шахмат және т.б. спорт түрлері бойынша өткізілді.
Барлығы 13 команда қатысып өз ара күш сынасты.

Марапаттау рәсімі 15.01.2024 күні “Oi-Qaragai” тау курортының аумағында өтті.
Жеңімпаздарды құттықтап жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!

Құрметті Маргарита Болатқызы!

Құрметті Маргарита Болатқызы!

Туған күніңіз құтты болсын!!
Сізге зор денсаулық, бақыт және кәсіби қызметте табыс тілейміз!

Барлық қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамының атынан ғылым мен білімге қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Биылғы жыл Сіз үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын естеліктерге толы болсын!

Charterhouse мектебінің өкілдері Халықаралық білім беру корпорациясына ресми сапармен келді.

Charterhouse мектебінің өкілдері Халықаралық білім беру корпорациясына ресми сапармен келді.

Charterhouse мектебі – 1611 жылы құрылған Ұлыбританиядағы элиталық орта мектеп.

ХБК байқау кеңесінің төрағасы А.А. Құсайынов оқу орындары арасындағы болашақ ынтымақтастықты талқылау үшін қонақтармен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыптары – пікір мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім беру және ғылыми бастамаларын талқылау болды.
 
Сондай-ақ, сапар аясында Charterhouse мектебінің өкілдері ҚазБСҚА мектебі мен ХБК-ның материалды-техникалық базасымен танысты.
Мектеп өкілдері Turner Andrew James және Davies Karen Lynn ХБК-дағы білім беру шарттарын жоғары бағалап ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

26.12.2023 жылы магистранттар мен оқытушыларға Coursera сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

26.12.2023 жылы магистранттар мен оқытушыларға Coursera сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Атап өтілген курстар Халықаралық білім беру корпорациясының қаражатына ұйымдастырылды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті Coursera ғаламдық онлайн білім беру платформасында магистранттарды оқытудың пилоттық жобасын қорытындылады.

Қазақстандағы Coursera білім беру платформасының серіктесі BIG Up Skill – мен жемісті жұмыстың қорытындысы сәулет, дизайн және жалпы құрылыс факультеттері магистранттарының “Sustainable Urban Regeneration (Università Bocconi)”, “What is Contemporary Art? ((The Museum of Modern Art)”, “SIM application for engineers (National Taiwan University)”, “Seismology to earthquake engineering (Institut Polytechnique De Paris)” курстарын игеруі болды.

Магистранттар өздерінің білім беру бағдарламаларына сәйкес курстарды арнайы пәндермен қатар оқыды. Сондай-ақ, Coursera сертификаттары оқытуды сәтті аяқтаған оқытушыларға табысталды.

2023 жылғы 25 желтоқсан күні ҚР ҒЖБМ өткізетін жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының натижелері жарияланды!

2023 жылғы 25 желтоқсан күні ҚР ҒЖБМ өткізетін жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының натижелері жарияланды!

Құлтаева Шынар Маликовна (PhD), ғылым департаментінің үйлестірушісі талантты жас ғалымдарга арналған мемлекеттік стипендияның лауреаты атанды.

ХБК студенті Темірболатова Аяна тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында 2 орын алды.

ХБК студенті Темірболатова Аяна тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында 2 орын алды.

2023 жылдың 2-11 желтоқсан күндері аралығында Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталған жарыста Павлодар облысының құрама командасының санында өнер көрсеткен ХБК ЖҚФфакультетінің 1 курс студенті Темірболатова Аяна 2 орын алып күміс медаль иегері атанды!

ХБК атынан жеңіспен құттықтап  жаңа жетістіктер тілейміз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Біздің еліміз үшін бұл айтулы мереке экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік келісім жолындағы халқымыздың қажырлы еңбегі мен өзін-өзі тануымен байланысты.

Бұл күн біздің жетістіктеріміз үшін мақтанышқа толы. Біз демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құрдық. Бұл — еліміздің тағдыры үшін ортақ жауапкершілік жолында қазақстандықтардың бірігуінің нәтижесі.

Әрқайсымыз Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне және одан әрі гүлденуіне

өз үлесімізді қосайық.

 

ХБК ректоры

Имандосова М. Б.