2023 жылғы 15 желтоқсан күні Халықаралық Білім беру Корпорациясына қазақстандық саяси қайраткер

2023 жылғы 15 желтоқсан күні Халықаралық Білім беру Корпорациясына қазақстандық саяси қайраткер, Алматы облысының бұрынғы әкімі – Амандық Ғаббасұлы Баталов келді.

Баталов А.Ғ. Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосқан адам. Оның қызметі инфрақұрылымды дамытуда маңызды рөл атқарып елдегі қоғамдық құрылыс жобаларын жақсартуға ықпал етті.

Сапар барысында ХБК қайта жаңартылған ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Ғылыми кеңестің отырысы өтіп, Амандық Ғаббасұлы ҚазБСҚА құрметті профессоры дипломымен марапатталды.

Бакуге жобалық сапар

2023 жылғы 12-17 қараша күні Сәулет докторы, профессор Гүлнар Әбдірасилова және Сәулет кандидаты Лейла Рахымжанова “Жаһандану жағдайында тәуелсіз Қазақстан архитектурасының орнықты даму факторы ретіндегі өңірлік бірегейлік” гранттық жобасы аясында Әзірбайжан астанасы – Баку қаласында болды.

Біздің сәулетшілеріміз түркологиялық зерттеулер саласындағы белгілі ғалымдармен – сәулет докторы Сиявуш Дадашпен, өнертану докторы Эртегин Саламзадемен тілдесіп, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетінің (ӘСҚУ) оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, Әзірбайжан Ғылым академиясының сәулет және өнер институтында болып, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа әдебиеттермен танысты.

Одан басқа, біздің ғалымдар жоба туралы ақпаратты тарату және қазақстандық ғылымның жетістіктерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізді. ӘСҚУ  Италия – Әзірбайжан дизайн орталығында өткен кездесуде Лейла Рахымжанова “Алма – Тұран символы” тақырыбында презентация оқыды. ӘСҚУ ректоры Гүлчохра Мамедовамен кездесу барысында профессор Г. Әбдірасилова университет кітапханасына өзі жазған оқу құралдарын, монографияларын, сондай-ақ Қазақстан сәулеті туралы кітаптарын сыйға тартты.

Біздің ғалымдардың шетелдік байланыстар жөніндегі проректор Наргиз Абдуллаевамен, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Нигяр Аслановамен кездесулері жемісті нәтиже берді. Декан, профессор Захида Мамедова бастаған Сәулет факультетінің оқытушыларымен ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты. АЖН кафедрасының меңгерушісі, сәулет докторы Низам Нагиевпен кездесуде сәулеттік білім берудің базалық кезеңінің мәселелері талқыланды.

Ғылыми іссапардың қорытындысы бойынша әзірбайжандық әріптестермен ынтымақтастықтың нақты бағыттары белгіленді.

ХБК студенті гимнастикадан әлем чемпионы атанды

2023 жылғы 23-26 қараша күні Алматы қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті.
Жарысқа әлемнің 16 елінен ең мықты командалары қатысты.
ХБК-ның 1 курс студенті Абибулла Сәнім ҚР Ұлттық құрама командасының құрамында 1 орын алып, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын қорғап, Әлем чемпионы атанды.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «AMANAT 111» БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

ХБК «Ұлттық сезім» флешмобына қосылды

ХБК қызметкерлері YPO Kazakhstan бастаған “Ұлттық сезім” флешмобына қатысып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық бірегейлікті жандандыру бастамасын қолдады.

Бұл флешмоб қазақ мәдениетінің байлығына назар аударып, әдемі дәстүрге айналады деп үміттенеміз.

Мәдени мұрамызды бірге сақтап, құрметтейік!

#Ұлттықсезім #ношунациональное #ұлттықкиімкием

ХБК студенттері “Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай” фестиваліне қатысты

2023 жылғы 21 қараша күні “Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасы, IR(20)-4B және МО(20)-4C топтарында оқитын КАУФ-і 4 курс студенттері, қауымдастырылған профессор Күлайхан Төлегенқызы Тайчикованың жетекшілігімен, “Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай” фестиваліне қатысты.

Фестивальге Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысып, түрік немесе қытай мәдениетін көрсететін шығармашылық нөмірмен өнер көрсетті.

Қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Халықаралық студенттер күнімен құттықтауы

“ХБК” ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы, Құсайынов Айғазы Әмірланұлы, YPO әлемдік көшбасшыларына қосылды

“ХБК” ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Құсайынов Айғазы Әмірланұлы беделді Young Presidents Organization (YPO) мүшелігіне қабылданды.

YPO – әлемнің түкпір-түкпірінен компаниялардың иелері мен бірінші басшыларын біріктіретін көрнекті Халықаралық бизнес көшбасшылар қауымдастығы.

Құрметті үшінші орын: ХБК Alma Cup қалалық киберспорт турнирінде

11-12 қарашада Алматыдағы ЖОО арасында киберспорттан «ALMA CUP 2023» турнирі өтті.

Қаламыздағы университеттерден 15 команда қатысып, ХБК командасы 3-орынға ие болды.

Бәріміз бірге киберспортшыларымызды құттықтайық!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНДА “ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ” КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«”ЖОО-ның үздік оқытушысы” атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығының негізінде Халықаралық білім беру корпорациясында оқытушылар арасында 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезең өткізілді.

Бағалау нәтижелері бойынша оқытушылардың ғылыми-педагогикалық жұмысының сапа көрсеткіштері, жас кадрларды іргелі даярлауға және Халықаралық білім беру корпорациясы білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік базасын қалыптастыруға қосқан үлесі анықталды. “ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023” конкурсының 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезеңінде бағалау нәтижелері бойынша келесі оқытушылар жеңімпаздар болып іріктелді::

1) Ельжанов Ербол Абдрахманович, ЖҚФ-нің қауымдастырылған профессоры;

2) Садвокасова Гаухар Айтмаганбетовна, СФ-нің зерттеуші профессоры.