ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

1/5

ОӘК

Оқу-әдістемелік кеңес мамандарды сапалы даярлаудың заманауи міндеттеріне сәйкес әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және оқу-әдістемелік құжаттаманы жетілдіру мақсатында құрылды. Оқу-әдістемелік кеңес өз жұмысында ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР БҒМ нормативтік құқықтық құжаттарын, «ХБК» ЖШС Жарғысын, ғылыми және әдістемелік жұмыс Регламентін және ректор бекіткен ОӘК жылдық жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Оқу-әдістемелік кеңестің қызметіне басшылықты, әдетте, неғұрлым тәжірибелі академиялық немесе қауымдастырылған профессорлар қатарынан ХБК ректорының бұйрығымен тағайындалатын ОӘК төрағасы жүзеге асырады. ОӘК өз жұмысын оқу-әдістемелік семинарлар, ОӘК отырыстары, кеңестер, сондай-ақ ректордың жеке тапсырмаларын орындау арқылы ұйымдастырады.

imgonline-com-ua-Resize-c1x6mX71IHa

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру, оны әдістемелік қамтамасыз ету және қарқындату, оқытушылар мен білім алушылардың педагогикалық, оқу-әдістемелік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру,
  • Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін оқу процесін, оқыту әдістемелерін ұйымдастыру бойынша жоғары оқу орнының және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шет елдердің басқа да білім беру мекемелерінің тәжірибесін тарату.
  • Жұмыс берушілерді, сарапшыларды және Тапсырыс берушілерді оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге тарту.
  • Ұқсас мамандықтар (білім беру бағдарламалары) бойынша даярлау жүргізетін білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметін өзара байланысты жүзеге асыру және үйлестіру.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жетілдіру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша ұсынымдар дайындау.
  • Оқу процесінің оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу.
  • Оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларына рецензия жүргізу.
  • Басқа жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибесін зерттеу.
  • Заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Озық тәжірибені тарату, жоғары білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға қатысу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тілді дамыту және енгізу бағдарламасының орындалуына жәрдемдесу.
  •  
  • Жоғары білім беруді дамыту мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу.
  • Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және оны жетілдіру жөніндегі жұмысқа басшылық жасау.
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау, олардың мазмұнын жаңарту және пәндерді, әдістемелік нұсқаулықтар мен сабақтарды өткізуге нұсқаулықтарды әзірлеу.
  • Ғылыми-әдістемелік конференцияларды, көрмелерді, семинарлар мен кеңестерді ұйымдастыруға қатысу.
  • МЖМБС, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. жобаларын әзірлеу тендерлеріне қатысу үшін авторлық ұжымдарды қалыптастыру.
  • Оқу және оқу — әдістемелік әдебиеттерді басып шығарудың, қайта басып шығарудың жыл сайынғы перспективалық жоспарларын қалыптастыру.
  • Жеке жоспарлар мен өкімдерде көзделген оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалуын ағымдағы бақылау.
  • Ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
  • ОӘК отырыстарын өткізу.
  • ОӘК жұмысы туралы есептер құрастыру.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын, сәулет-құрылыс бағытының үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Жетекші оқытушылардың педагогикалық тәжірибесін талдау және жалпылау және оқытудың жаңа технологияларын енгізу, оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру, компьютерлік техниканы және оқытудың басқа да техникалық құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың тиімділігін талдау.
  • Пәндердің оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және келісу (силлабустар).
  • Оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  •  
  • Оқу-әдістемелік кеңес жыл сайын ХБК ректоры бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
  • Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарлары факультет декандарымен келісіледі және оларға оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы қол қояды.
  • Оқу-әдістемелік кеңестің өкілеттігі ХБК ректорының өкімімен тоқтатылады және қайта басталады.
  •