2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды
Kauno Kolegija, Литва – 1 орын.
Байқауға тек мемлекеттік грантта білім алатын студенттер қатыса алатынын ескертеміз.
Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студентері!
Сіздерге 2024-2025 оқу жылына ҚР ҒжЖБ министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқау ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Халықаралық білім беру корпорациясы Польша мемлекетіндегі Краков технологиялық университетіне 3 квоталық грант орындарын бөледі.
Байқауға тек мемлекет грантта білім алатын, қаржылық және академиялық қарызы жоқ, GPA көрсеткіші 3,30- дан жоғары және 2 немесе 3 курс студенттері қатыса алады.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы (бұдан әрі – АҰ) – бұл шетелдік әріптес жоғары оқу орнында бір семестр немесе оқу жылы ішінде оқу, оның нәтижесі оқу нәтижелерін растайтын құжат (транскрипт) болып табылады. АҰ-ға ұзақтығын, қатысатын студенттердің санын, алмасудан, тағылымдамадан өту және тұру шарттарын ХБК және шетелдік әріптес ЖОО әрбір алмасу жағдайында белгілейді, шартта немесе шартқа қосымшада бекітіледі.
ХБК-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары:
«Шетелдегі семестр» ҚР БҒМ бағдарламасы;
Erasmus + бағдарламасы;
MEVLANA академиялық ауысу бағдарламасы;
ҚазБСҚА мен серіктес жоғары оқу орындарының екіжақты шарттары мен келісімдері шеңберіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы;
Халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тапсыру: Әрбір алмасу бағдарламасы үшін құжаттарды беру мерзімі белгіленеді, одан кейін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды. Бағдарламаға қатысу үшін студент: 1. Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу; 3. Академияның ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу; 4. Академиялық ұтқырлықтан өту үшін және күнделікті өмір үшін шет тілін (ағылшын немесе қабылдаушы ЖОО елінің тілі) жеткілікті деңгейде меңгеру керек.
Байланыстар: ХБК Халықаралық бөлімінің басшысы Алибек Кубашев Кеңсе 4, ГАК e-mail: inter.dep@kazgasa.kz