Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету – әрбір жоғары оқу орнының міндеті және жоғары оқу орны өз қызметінің нәтижелеріне жауапты.
Өзіндік үлгідегі дипломдар – әлемдік трендтердің бірі, ол әрбір ЖОО-ның кадрларды даярлау сапасы үшін жауапкершілігіне кепілдік береді.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломдар бере бастады.
Аккредиттеу агенттігінің логотипі мен атауы «IQAA Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің» өзіндік үлгідегі білім беру туралы құжаттарда орналастырылған, өйткені Халықаралық білім корпорациясы осы агенттіктің институционалдық аккредиттеуін алған, қосымшада сол агенттіктің логотип мамандандырылған аккредиттеуден өткен тиісті білім беру бағдарламасы / мамандығы үшін орналастырылған.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады. Құжаттардың бірнеше қорғаныс дәрежесі бар, ол су белгілері бар арнайы қағазға басылады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және QR коды қолданылады. Әрбір дипломның ұлттық бірегей мәліметтер базасымен синхрондалған өзіндік бірегей сәйкестендіру нөмірі бар. Яғни, егер қажет болса, оның шынайылығын тез тексеруге болады. Мұны біздің түлектерді дипломымен қабылдайтын жұмыс беруші де жасай алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әр түрін нөмірлеу арнайы қызметті қолдану арқылы жасалды.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың нөмірлерін қалыптастыру Ұлттық білім беру базасына енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар басып шығару құрылғыларының көмегімен толтырылды.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерде толтырылды.
Жүктеу →
Жүктеу →
Жүктеу →
Жүктеу →
Жүктеу →
Жүктеу →
ХБК туралы
Құрылу тарихы
Миссия және академиялық саясат
Стратегиялық даму жоспары
Өтініш берушілер үшін
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура
Оқу курстары
Олимпиада
Студенттер үшін
Әскери кафедра
Академиялық күнтізбе
Ақпарат
Жаңалықтар
Экран дикторы