Ғылыми кітапхана

Ғылыми кітапхана

Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету 2 абонементте және 6 оқу залында ұйымдастырылған.

ҚазБСҚА астыңғы қабатында орналасқан:

№ 6 зал - Ғылыми және оқу депозитарлық қоры

Оқу залында барлық курс студенттеріне, магистранттарға, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Қорда оқу үрдісіне және ғылыми жұмысқа көмек ретінде ғылыми кітаптар ұсынылған. № 6 оқу залы да абонемент болып табылады. Мұнда ғылыми және оқу депозитарлық қоры шоғырланған.

ҚазБСҚА 1 қабатында орналасқан:

Оқу әдебиеттерінің абонементі

Кітапханаға оқырман жазыла алады. Студенттерге, магистранттарға, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Әдебиет бір семестрге беріледі. Күзгі семестр аяқталғаннан кейін оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімін ұзартуға міндетті, ал көктемгі семестр аяқталғаннан кейін (1 шілдеге дейін) қолдарындағы барлық әдебиеттерді тапсыруға міндетті. Саны аз әдебиеттер қысқа мерзімге беріледі. Қызмет түрлері – жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету.

№5 оқу залы - сәулетшілерге, дизайнерлерге және құрылыс мамандықтарына арналған әдебиет залы

Барлық курстардың магистранттарына, профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге қызмет көрсетіледі. Мұнда сәулет, дизайн, құрылыс мамандықтары бойынша әртүрлі тілдердегі кітаптар ұсынылған.

ҚазБСҚА екінші қабатында орналасқан:

№4 Зал - профессор-оқытушылар құрамына және магистранттарға қызмет көрсету бойынша

Оқырмандарға арналған залда графикалық жұмыстарды орындауға арналған AutoCAD-14, AutoCAD-2000, CorelDraw бағдарламалары бар компьютерлер орнатылған. Мұнда кітапхананың электрондық каталогы бойынша әдебиеттерді іздеуге болады. Залда ағылшын тіліндегі әдебиеттер (анықтамалық және мерзімді басылымдар) – 250 томдық «Аяқталған дәуір кітапханалары» коллекциясы, 22 томдық Британ энциклопедиясы және 30 томдық Америка энциклопедиясы бар. «ҚазБСҚА ПОҚ еңбектері» тұрақты жұмыс істейтін көрме экспонатталады

№ 3 Зал-студенттерге арналған электронды және мультимедиялық оқу залы

Оқырмандар қызметіне залда интернетке қосылған 30 компьютер орнатылған. «IPRbooks» деректер базасына қолжетімділік бар, ұлттық жазылым бойынша «Эльзевир» ДБ «Skopus» және «ScienceDireсt», «Clarivate Analytics», «Polpred», «ҚазҰЭК», «РМЭБ»коллекцияларына қосылған. Мұнда кітапхананың электрондық каталогы бойынша әдебиеттерді іздеуге болады.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі №244 каб.

ЖОО – ның оқу процесі, ғылыми – педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі үшін кітапхана қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жаңа басылымдарға тапсырыстар рәсімделеді. Бөлім профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің диссертацияларында, есептерінде және жарияланымдарында жаңа түсімдерді және ӘОЖ-ны жүйелеуді, каталогтауды және техникалық өңдеуді қамтамасыз етеді.

ҚазБСҚА 3 қабатында орналасқан:

№ 1 оқу залы

Залда әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша әдебиеттер және құқықтық (тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика, эстетика, дін, құқық негіздері, шаруашылық қызметтің заңнамалық негіздері) жалпы жаратылыстану-ғылыми дайындыққа арналған әдебиеттер (математика, физика, химия), тілдер бойынша әдебиеттер ( қазақ, орыс, ағылшын), экономикалық пәндер бойынша әдебиеттер, анықтамалық және мерзімді басылымдар бар.