
2025 жылдың 6 наурызында Халықаралық білім беру корпорациясы сәулет факультетінің профессоры, сәулет докторы Гульнара Сейдахметовна Абдрасилова академик Найля Базанова атындағы құрметті төсбелгімен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтті.
Іс-шараға ғылым саласында жұмыс істейтін 400-ге жуық әйел қатысты. Биыл бұл беделді марапатқа 48 жетекші маман лайық деп танылды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш әйел академиктің құрметіне тағайындалған бұл сыйлық еліміздің ғылыми әлеуеті жоғары, айрықша жетістіктерге жеткен көрнекті әйел-ғалымдарына беріледі.
Халықаралық білім беру корпорациясы Гүлнара Сейдахметқызын жоғары марапатымен құттықтай отырып, ғылыми және педагогикалық қызметінде толағай табыстар тілейді!