Отан қорғаушылар күнімен!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке Қазақстан армиясының патриоттығы және оның халықпен ауызбіршілігінің символына айналды.
Сіздерге мансапта биік белестер, бақыт пен амандық тілеймін.
Ізгі тілекпен,
т.ғ.д., профессор, ХБК ректоры
М.Б.Имандосова

Студенттік көктем 2024


22 сәуір күні жыл сайынғы Студенттік көктем 2024 байқауы өтті, оған Халықаралық білім беру корпорациясының барлық факультеттерінің студенттері қатысты. Осы жылы әр факультет өзінің шығармашылық нөмірлерінде қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын және 1 000 000 теңге жүлде – «Дизайн» факультеті;
2 орын және 750 000 теңге жүлде – «Сәулет» факультеті;
3 орын және 500 000 теңге жүлде – «Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент» факультеті;


Жүлделі орындардан басқа командалар номинациялармен марапатталды:
«Үздік сценарий» және 50 000 теңге жүлде – Қазақ-Америка Университеті факультеті;
«Үздік декорация» және 50 000 теңге жүлде – «Жалпы құрылыс» факультеті.
«Үздік хореография» – «Сәулет» факультеті;
«Үздік жанкүйерлер» – «Дизайн» факультеті;
«Үздік сахналық әсер» – Қазақ-Америка Университеті факультеті;
«Үздік актриса» – Алдынгурова Меруерт, СФ1-курс студенті;
«Үздік актер» – Ерболұлы Әбілқайыр, ЖҚФ 1-курс студенті.

ХБК ректоры Маргарита Булатовна Имандосова барлық қатысушыларға жарқын өнер көрсеткені үшін алғыс білдіріп, жеңімпаздарға салтанатты түрде дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бұл мереке еліміздің бейбітшілігін, өркендеуі мен әл-ауқатын құрудағы бірлік пен өзара тұтастығының маңыздылығын көрсетеді.
Көктемнің осы тамаша мерекесінде сіздерге денсаулық, барлық істеріңізге табыс, отбасыңызға амандық, туған жерімізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Ізгі тілекпен,
т.ғ.д., профессор, ХБК ректоры
М.Б.Имандосова

ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді.

ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді.

Осы жылдың наурыз айында Қазақстанда көктемгі су тасқыны болып, одан 10-нан астам өңір зардап шегіп, мыңдаған тұрғындар баспанасыз қалды. Қазақстанның Батыс, Солтүстік, Орталық және Шығыс өнірлерінле су тасқыны салдарымен әлі де күресіп жатыр.

Болған жағдайға байланысты Халықаралық білім беру корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлері үшін бүкіл оқу уақытына 10 грант бөлді. Үміткерлердің өтініштерін арнайы комиссия қарайтын болады.

«Бүгінде мыңдаған отандастарымыз үлкен қиындықтарға тап болды: көбісі су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылды. Біз осы қиын кезеңде қолдау мен көмек көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз», – деп пайымдады Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов.

ҚР ҒЖЖБМ 2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ШЕТЕЛДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ КОНКУРСЫ

Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студентері!

Сіздерге 2024-2025 оқу жылына ҚР ҒжЖБ министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  байқау ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Халықаралық білім беру корпорациясы Польша мемлекетіндегі Краков технологиялық университетіне 3 квоталық грант орындарын бөледі.

Байқауға тек мемлекет грантта білім алатын, қаржылық және академиялық қарызы жоқ, GPA көрсеткіші 3,30- дан жоғары және 2 немесе 3 курс студенттері қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің белгіленген стандарттары шегінде ұшу билеттері, виза алымы, сақтандыру полисі және тұруға қаржыландыру қарастырылған.

Басқа да қосымша сұрақтарыныз бойынша ХБК Халықаралық бөліміне (Бас әкімшілік корпус, 1 қабат, 4 офиске) хабарлассаңыз болады, inter.dep@kazgasa.kz

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 15 сәуір, бір ай ішінде Краков университет үміткерлерді таңдайды, нәтижелері 15 мамырға дейін шығарылады. Оқыту 2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін жалғасады.

Ең төменгі талаптар:

– ХБК-тан онлайн форма арқылы ресми номинация.

– Үміткер кандидатты тағайындау кезінде ХБК-да бакалавриатта кемінде 1 толық оқу жылын аяқтаған болуы керек, 2-3 курс студенті.

– жарамды сынақ сертификаты түріндегі растауымен ағылшын тілі B2 деңгейі.

IELTS – 6.0 +.

TOEFL- Internet-Based Test (iBT) 87 баллдан +, Computer-Based Test (CBT) 180 балл + Speaking Test (TSE) 50 баллдан кем емес. Paper-Based Test (PBT) 500 балл + Test of Written English (TWE) 3,5 балл + Test of Spoken English (TSE)  50 балл +.

Test of English for International Communication (TOEIC) – кемінде 700 балл.

Certificate in Advanced English (CAE).

First Certificate in English (FCE).

Ұлттық киім күні

2024 жылдың 18 наурыз күні Халықаралық білім беру корпорациясында «Наурызнама 2024» онкүндік бағдарламасы аясында «Ұлттық киім күні» аталып өтті.

Оқытушылар мен студенттер ұлттық бірегейлікті жандандыру бастамасын қолдап, Наурыз мерекесін жаңа форматта атап өту отансүйгіштік пен өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.

MOK FUSION Қорытынды конценрті

 

2024 жылдың наурыз айында Халықаралық білім беру корпорациясында алғаш рет қатысушылардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін ынталандыруға бағытталған «MOK FUSION» байқауы бастауын алды.

15 наурыз күні байқаудың соңғы кезеңі өтіп, оған білім алушылардан, оқытушылардан және қызметкерлерден тұратын 12 дуэт әр түрлі өнер салаларында: ән айту, би, поэзия және музыкалық аспаптарда ойнау қабілеттерін көпшілік алдында көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Абдильдаева Алина Болатовна, ҚАУ мектебінің оқытушысы және Балгазина София, ҚАУ мектебінің 8-сынып оқушысы;

II орын – Мусабеков Назарбек Расулбекович, ХБК ассистент-профессоры және Камашева Жансая Асқарқызы, ХБК 3 курс студенті;

III орын – Алдибекова Алтынай, ҚазБСҚА колледжінің оқытушысы және ҚазБСҚА колледжінің 2 курс студенті Ерікұлы Арабиддин жеңімпаз болып атанды.

Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов пен ХБК ректоры Маргарита Булатовна Имандосова салтанатты түрде барша өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс білдіріп жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

ХБК Ректоры Маргарита Болатқызы Имандосованың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Халықаралық білім беру корпорациясы сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көпұлтты елдің асыға күтетін бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған елімізге құт-береке әкелсін!

Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,

ХБК ректоры, т.ғ.д., профессор

М. Б. Имандосова

 

 

 

Міндетті грант өтеу

14 наурыз күні «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге факультет декандары мен білім алушылар қатысты.  Кездесу барысында:  «Екінші мамандық алсам қалай болады?», «Жұмыс таппаған жағдайда не істеймін?», «Қазірден бастап жасаған жұмысым саналама?»,  «Тұрмысқа шықсам қалай болады?», «Әскерге шақырылған жағдайда және екінші рет магистратураға түссем не істеуге болады?» деген  сияқты әртүрлі сұрақтарға толық жауап берілді. 

Қаржы орталығының маманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды. Білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттада жалғасын табады.

Халықаралық білім беру корпорациясы итальяндық дизайн күніне қатысты.

14 наурыз күні «Құндылық құру – инклюзивтілік, инновация және тұрақтылық» ұранымен Әлемдегі итальяндық дизайнның күні өтті.

Итальяндық дизайн күні бұл 2017 жылы Италияның Сыртқы істер министрлігі және Италияның мәдениет Министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар циклі. Бұл мереке шетелдегі елшіліктер, консулдықтар, итальяндық мәдениет институттары мен ICE кеңселер желісі жүзеге асыратын бүкіл әлем бойынша іс-шаралардың кең промо-бағдарламасынан тұрады: осыған орай жыл сайын Италияның жүзден астам делегаттары Ел дизайны мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.

Итальяндық қонақтардың іс-сапары аясында Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Имандосова Маргарита Булатқызы және Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Доктор Марко Альбертидің (Dr. Marco Alberti) іскерлік кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Халықаралық білім беру корпорациясы мен Милан политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық болды. Елші Марко Альберти, бұл келісім Италия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы кезекті келісімге айналып қана қоймай, адамдар, институттар және жалпы елдер арасындағы байланыстарды тереңдетуге серпін беруі маңызды екенін атап өтті.

Алматыдағы итальяндық мәдениет институтының директоры доктор Эдуардо Кризафулли (Dr. Edoardo Crisafulli) Дизайн, Сәулет және сейсмология саласындағы бірлескен зерттеу бағдарламаларын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді. ХБК ректоры біздің ЖОО-ның бірегей сейсмоплатформасы мен жоғары білікті мамандары бар екенін растады. Олар итальяндық әріптестерімен бірлесіп халықаралық зерттеу жобасы шеңберінде біздің елдеріміз үшін сейсмикалық қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы зерттеумен айналыса алады.

Франческо Зурло (Prof. Francesco Zurlo), Италияның Қазақстандағы дизайн Елшісі, Милан политехникалық институты мектебінің деканы ХБК студенттері мен оқытушыларының алдында итальяндық дизайн мектебінің принциптері туралы дәріс оқыды. Атап айтқанда, ол тыңдаушылардың назарын барлық дизайн шешімдерінің негізінде адам мен оның қажеттіліктері жатқанын есте ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, итальяндық дизайн күні аясында Алматыдағы итальяндық мәдениет институтында «Italia Geniale» көрмесі ашылды. Онда Италияда жасалған өнеркәсіптік дизайн нысандарының үлгілері көрсетілген. Халықаралық білім беру корпорациясының магистранттары мен студенттері итальяндық дизайнның ең жақсы үлгілерін өз көзімен көруге мүмкіндік алды.