Ректор блогы

Ректор, т. ғ. д., профессор

Имандосова Маргарита Булатовна

Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының сайтына келушілер, мен Сіздерді өз блогымның парақшасында көруге қуаныштымын!
 

Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі – ХБК) – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің базасында құрылған, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлері бар және жоғары білікті педагогтар мен ғалымдардың қалыптасқан ұжымы бар бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен.

ХБК миссиясы – білім, ғылым және өндірісті интеграциялау негізінде ұлттық білім беру жүйесіне үздік әлемдік білім беру стандарттары мен технологияларын қалыптастыру және енгізу, көшбасшылыққа бағдарланған және Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуына бағытталған мамандарды озық даярлау.

ХБК ұжымы мен білім алушылары кәсіби және академиялық адалдық, ашықтық пен көшбасшылық, толеранттылық пен патриотизм, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға сүйенеді.

Ректордың блогы ХБК қызметіне қатысты өз пікіріңізді білдіруге және білім беру қызметтерінің сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, әкімшілік-басқару шешімдерін арттыру бойынша өз ұсыныстарыңызды беруге көмектеседі деп үміттенемін.

Сонымен қатар, осы форматтағы байланыс Сізге қажетті ақпаратты алуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сіз қойған әрбір сұрақ пен Сіздің ұсынысыңыз қаралатынына және тиісті назардан тыс қалмайтынына сенімді бола аласыз!

Құрметпен,

ректор, т. ғ. д., профессор

Имандосова Маргарита Булатовна