mok
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры

FAQ_kz

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Егер Сіз өз сұрағыңызға жауап таппаған болсаңыз, келесі нөмірлер бойынша толық кеңес ала аласыз:
8 (727) 355-10-56
8 (800) 070 10 56
(Бүкіл Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)

СҰРАҚ:        Халықаралық білім беру корпорациясына талапкерлерді оқуға қабылдауға құжат тапсыру қай күндері жүзеге асырылады?
ЖАУАП:      Халықаралық білім беру корпорациясының қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жұмыс жасайды.
СҰРАҚ:        Халықаралық білім беру корпорациясында жатақхана бар ма?
ЖАУАП:       Бір жатақхана бар – Студенттер үйі, онда тұру ақылы.
СҰРАҚ:        Жатақханаға орналасу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?
ЖАУАП:       Жеке куәліктің көшірмесі, 3 * 4 фотосурет, флюорографияның суреті, төлем туралы түбіртек, деканаттан ордер.
СҰРАҚ:   Халықаралық білім беру корпорациясында мемлекеттік гранттар бар ма?

ЖАУАП:           Иә, жыл сайын білім беру бағдарламаларының барлық топтарына гранттар бөлінеді.

СҰРАҚ:          Мемлекеттік грантты бөлу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қашан тапсыру қажет?

ЖАУАП:         Мемлекеттік грантқа өтінім беру 13-20 шілде аралығында өтеді.

СҰРАҚ:          Өсімпұл бар ма және төлемді кешіктіру күні қанша тұрады?    

ЖАУАП:            Оқу шартының 3.5-тармағында оқыңыз.

СҰРАҚ:        Халықаралық білім беру корпорациясында оқу құны қандай?

ЖАУАП:            Оқу құны барлық білім беру бағдарламалары үшін бірінші оқу жылына 990 мың теңгені құрайды. Әрі қарай, әр курста оқу құны 10% – ға артады (жыл сайын).

СҰРАҚ:        Студенттің оқу ақысын ата-анасы немесе туысы төлей ала ма?

ЖАУАП:            Төлей алады, бірақ төлемді тағайындауда студенттің аты-жөні мен ЖСН жазылуы керек.

СҰРАҚ:          Халықаралық білім беру корпорациясына (ҚазБСҚА, ҚАУ) ауысуға болады ма?

ЖАУАП:            Студенттердің бір ЖОО-дан екіншісіне, бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне жұмыс оқу жоспарларындағы айырмашылықты тапсыра отырып ауысу құқығы, сондай-ақ жазғы және қысқы демалыс кезеңінде ақылы бөлімшеден мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ауысу құқығы бар.

ХБК-на ауысу үшін транскрипт және өз университетінің ректоры атына ауысу туралы өтініш жазуы қажет.

СҰРАҚ:        Халықаралық білім беру корпорациясында әскери кафедра бар ма?

ЖАУАП:            2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Р. Жақсылықов «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес халықаралық білім беру корпорациясында әскери кафедра құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісілді.

СҰРАҚ:        Университетте ішкі гранттар мен олимпиадалар бар ма?

ЖАУАП:              Иә. Жыл сайын «Отанға барар жол», «American Education Challenge» республикалық олимпиадалары аясында барлық оқу кезеңіне арналған ішкі гранттар ойналады. Сонымен қатар, университет талапкерлерге оқуға 100% дейін жеңілдіктер ұсынады.