ХБК – да «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша Қазақстандағы алғашқы PhD докторы дипломдары тапсырылды

ХБК – да «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша Қазақстандағы алғашқы PhD докторы дипломдары тапсырылды.

2023 жылдың наурыз айында Халықаралық білім беру корпорациясының базасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша Қазақстандағы алғашқы PhD докторы дипломдары табыс етілді. Ғылыми дәреже Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Айдос Ельшибаевқа және Қазақ автомобиль-жол институтының Мансап орталығының директоры Дәурен Есентайға берілді.

Айдос Ельшибаев «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Жас ғалым, «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті өзінің ғылыми жұмысында асфальтбетондар мен полимерасфальтбетондардың төмен температуралық сипаттамалары (беріктігі, бұзылу деформациясы, климаттық кернеу және сыни температура) тақырыбын зерттеді.

Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Имандосова Маргарита Булатовна дипломды түлекке жеке өзі тапсырып, осы салада одан әрі табыс және даму тіледі, бүгінгі күні, шын мәнінде, осы бағыт бойынша сауатты мамандар мен кадрлар өте аз екенін атап өтті. Осылайша, республикада өзінің тарихында алғаш рет көлік құрылысында PhD докторлары пайда болды.