ХБК 2023/2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ХБК 2023/2024 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтініштерді қабылдау туралы жариялайды!

2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үшін бакалавриат және магистратура студенттеріне келесі университеттерге өтінімдер қабылдау басталды:

– Saga University (Жапония) – 3 орын;
-Sapienza University of Rome (Италия) – 1 орын;
-Cracow University of Technology (Польша) – 2 орын.

Оқыту тілі — ағылшын.

Өтінімдер келесідей факультеттерде оқитын студенттерден қабылданады:
– Saga University (бакалавриат) үшін: ДФ, СФ, ЖҚФ;
– Saga University (магистратура) үшін: СФ, ЖҚФ;
– Sapienza University of Rome (бакалавриат) үшін: СФ;
– Cracow University of Technology (бакалавриат) үшін: ЖҚФ, СФ, ҚТИМФ.

Қатысу талаптары:
* тілдік даярлықтың жоғары деңгейі-шет тілін білу деңгейі (ағылшын тілі) В1-ден төмен болмау;
* жақсы академиялық үлгерім (min GPA 3.2);
* ХБК-ның қоғамдық өмірінде белсенді болу.

Бағдарлама бойынша: оқу тегін, барлық ағымдағы шығындар (әуе саяхаты, тұру, визалық шығындар және т. б.) студенттің өз қаражаты есебінен.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
* Топтың эдвайзері, декан/деканның орынбасары қол қойған білім алушының сауалнамасы.
* Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат (TOEFL ITP: 530, IELTS: 5.5, TOEFL iBT:72, TOEIC: 740). Тілдік курстардың сертификаттары қабылданбайды.
* ХБК-да оқу кезінде алынған дипломдардың, сертификаттар мен грамоталардың көшірмелері.
* Мотивациялық хат
* Транскрипт (ағылшын тілінде).

Sapienza University of Rome және Cracow University of Technology-ге өтінімдер 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады . Saga University-ге өтінімдер 2023 жылдың 25 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Құжаттар Халықаралық Офисте қабылданады (ҚАУ, каб. 401).
МАҢЫЗДЫ! Студент жоғарыда аталған университеттердің біреуіне ғана өтініш бере алады.