Q-Lab қалалық жобалар зертханасының ұйымдастыруымен «Аудан стилі» байқауы басталды!

Құрметті сәулетшілер мен дизайнерлер!

Q-Lab қалалық жобалар зертханасының ұйымдастыруымен «Аудан стилі» байқауының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз!

Q-Lab — бұл бірегей орталық, қызметі Алматы қаласын дамыту жөніндегі жобаларды зерделеуге, әзірлеуге бағытталған сәулетшілер, дизайнерлер, студенттер және барлық тілек білдірушілер үшін заманауи шығармашылық коворкинг.

Өзіңнің Алматыдағы вернакулярлық ауданыңды қалай көретініңді көрсет # верна_ауданы және фирмалық киім үлгісін шығаруға мүмкіндік ал:
1. Сіз өзіңіздің аймағыңызды жақсы көресіз бе, оны күн сайын зерттейсіз бе? Ол туралы білетіндеріңіздің бәрін есте сақтаңыз және келесі тармаққа өтіңіз.
2. Ауданның рухы мен ерекшеліктерін көрсететін ерекше дизайн жасаңыз.
3. Барлығын презентацияға жинап, дизайныңызды қасына бекітіңіз.
4. Оларды келесі поштаға жіберіңіз design.code.almaty@gmail.com («Аудан стилі» белгісімен).

Техникалық талаптар: жұмыстар digital немесе цифрланған дәстүрлі PDF, png, jpg форматында қабылданады.

Байқау соңында қазылар алқасы ең жақсы жұмыстарды таңдап, Сіздің фирмалық киім үлгіңіздің шағын партиясын шығаруды қаржыландырады.
Әрбір қатысушы сарапшылардан кері байланыс алады.

Дарынды дизайнерлер мен сәулетшілер Алматының дизайн-кодын әзірлеу және іске асыру бойынша Q-Lab командасына қосылуға мүмкіндік алады.

Байқау мерзімі: 1 тамыз 2023 ж
Алматылық мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! # код_алматы