ХБК студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының щәкіртақысының иегерлері.

Тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақылар республикалық конкурсын жариялады.

Біздің 3 және 4 курс студенттеріміз Камашева Жансая Асқарқызы (ФСТИМ, ЭМС 21-4) және Пердебай Асемай Серикқызы (ФОС, РПЗС-20-5(21)) арнайы шәкіртақы иегері атанғанын қуана хабарлаймыз.

Байқау студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында өткізілді.

Щәкіртақы жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына белгіленіп, тек оқу кезеңінде ай сайын төленеді.

Студенттерімізді құттықтап, алдағы өмірде табыс тілейміз!