ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНДА «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«»ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығының негізінде Халықаралық білім беру корпорациясында оқытушылар арасында 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезең өткізілді.

Бағалау нәтижелері бойынша оқытушылардың ғылыми-педагогикалық жұмысының сапа көрсеткіштері, жас кадрларды іргелі даярлауға және Халықаралық білім беру корпорациясы білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік базасын қалыптастыруға қосқан үлесі анықталды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» конкурсының 1-ші (ЖОО ішіндегі) кезеңінде бағалау нәтижелері бойынша келесі оқытушылар жеңімпаздар болып іріктелді::

1) Ельжанов Ербол Абдрахманович, ЖҚФ-нің қауымдастырылған профессоры;

2) Садвокасова Гаухар Айтмаганбетовна, СФ-нің зерттеуші профессоры.