26.12.2023 жылы магистранттар мен оқытушыларға Coursera сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

26.12.2023 жылы магистранттар мен оқытушыларға Coursera сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Атап өтілген курстар Халықаралық білім беру корпорациясының қаражатына ұйымдастырылды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті Coursera ғаламдық онлайн білім беру платформасында магистранттарды оқытудың пилоттық жобасын қорытындылады.

Қазақстандағы Coursera білім беру платформасының серіктесі BIG Up Skill – мен жемісті жұмыстың қорытындысы сәулет, дизайн және жалпы құрылыс факультеттері магистранттарының «Sustainable Urban Regeneration (Università Bocconi)», «What is Contemporary Art? ((The Museum of Modern Art)», «SIM application for engineers (National Taiwan University)», «Seismology to earthquake engineering (Institut Polytechnique De Paris)» курстарын игеруі болды.

Магистранттар өздерінің білім беру бағдарламаларына сәйкес курстарды арнайы пәндермен қатар оқыды. Сондай-ақ, Coursera сертификаттары оқытуды сәтті аяқтаған оқытушыларға табысталды.